Шымшық сойса да, қасапшы сойсын
«Білімді болуға оқу керек, Бай болуға кәсіп керек, Күшті болуға бірлік керек, Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» қазаққа төрт керекке бағыт берген ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өсиетін іске асыру жолында сыңғырлаған қоңырау үнімен бірге, президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Халқына Жолдауын ұсынды. Кезекті Жолдау несімен қалам тартқызып отыр деген сауалға жауап іздесек, бұл ән бұрынғы әннен өзгерек дегендей, бұл Жолдау бар саланы қамтыған ауқымдылығымен ерекшеленуде. Ал, біз тек бір парасына тоқталсақ. Ол өз кәсібімізге, жан дүниемізге жақын бағытына жасаған Президент пайымның көңілден шыққан тұсына пікір.
Әлемді әбігерге салған індетті ахуал, санамызға сілкініс жасап, біздің пайымдағы құндылықтарды өзгерткені жасырын емес. Дәл осындай сәтте, қазақы қамсыз ойын-тойдан, елімізге ғылым-білімнің, медицинаның жоғары сапасы ұлттық қауіпсіздіктің, дамудың басты бағыты екенін сезіндік. Кешегі балам шоу бизнесте жүрсе дейтін ата-ана, бүгін, білімді болса,ғылымды сүйсе деп сүйрелеуде. Президенттің » ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн» — деген тұжырымын қолдаймын. Ал, біз аға буын жастарға тек жол сілтер ұстаз ғана болып қоймай, ішкі жан-дүниесін дөп басатын сыншы, тағылым көрсете алар тәлімгер болуымыз қажет.
Сонда ғана, бабалар арман еткен, қайрымды қаланың кемел адамын қалыптастырамыз.
Тәуелсіздігінің 30 жылдық белесін бағындыратын Қазақстан үшін, экономикалық дамумен қатар ұлт зиялылығын арттыру басты ұстаным. Олай болса әр қайсымыз қазақтың болмысында бар адалдық, әділдік, темірдей тәртіп, тиянақтылық сынды қалғыған қасиеттерімізді бір сілкіп, рухты оятуымыз қажет.
Егемендіктің 30 жылы тек тарих қатпары үшін бір пара болса, біздің өлшемде орда бұзар оғлан жас.Сондықтан мемлекеттің даму бағытынан күтер үмітіміздің зор болуы заңдылық. Өз тарапымыздан еліміздің, Тәуелсіздігін баянды етер, ұлт жолында адал қызмет атқарар мемлекетшіл тұлға қалыптастыру.
P.S Пенде болған соң, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының халқына жолдаған кезекті үшінші Жолдауынан ел бойынша 1000 мектеп салынатыны, айлық жалақының өсуі, медициналық қолжетімділік, тұрғын үй сынды әлеуметтік салаларға арналған айқын басымдықтарға ие бағадарламалар ұнағаны рас!
Дені сау жан үшін рухани құндылықтың жанында материалдық дүниенің маңызы қаншалық?!.
Арайлы Рақымбердіқызы
№25 орта мектептің қазақ тіл мен әдебиет пәнінің мұғалімі