ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖЫЛ ҮЗДІГІ АНЫҚТАЛДЫ

Биыл алғаш рет Іле ауданында «Жыл үздігі» жастар сыйлығының иегерлері анықталды. Жеңімпаздарды аудан әкімі Бағдат Қарасаев құттықтады. Марапаттау рәсімі Өтеген батыр ауылындағы аудан әкімшілігі ғимаратында өтті.
«Жыл үздігі» жастар сыйлығы байқауының өтуіне Іле ауданы Жастар ресурсы орталығының жетекшісі Мариям Айдарқызы мен аудандық «Іле жүрегі» еріктілер клубы мұрындық болды. Дәстүрлі байқаудың мақсаты – жастарды отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, жастардың елдің қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық өмірге деген белсенділігін арттыру, дарынды жастарға қолдау көрсету. Аудан бойынша 20 үздік анықталды.
Іле аудандық Жастар ресурсы орталығының жетекшісі М. Тынышпаева: «Жыл үздігі» конкурсы алғаш өткізіліп тұр. Үздіктерді арнайы әр саладан келген комиссия мүшелері таңдады. Таңдау оңай болған жоқ Өйткені ауданымызда Статистика басқармасының мәліметтері бо-йынша 14 пен 29 жас аралығындағы жас-тардың саны 42 956 жас бар. «Жасыл ел» бағдарламасына бойынша 60 жұмыссыз маусымдық жұмысқа қабылданды. Барлық елді мекендерде жыл басынан 400-ге жуық іс-шаралар ұйымдастырылды. Жастар ресурстық орталық негізгі 7 бағыт бойынша оның ішінде әр 4 тармақ бойынша жұмыстарды жалғастырып келеді.
Біздің ауданымыздың еріктілері осы күнге дейін қарқынды еңбек етіп келеді. «Іле Жүрегі» еріктілері осы уақытқа дейін 15 000 отбасыға көмек көрсетті. 2020 жылдан 8600 үй қамтылды. Әлеуметтік жағдайы төмен 5600 мұқтаж отбасыға киімдер таратылды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жастар практикасына 138 адам жолдама алды. Мамандығы жоқ маргеналды жастардың ішінен 236 адам қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына — 8-і уақытша жұмыстарға орналасты. Біз алдағы уақытта да үлкен жұмыстарды атқаруға жобалар дайындадық. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы құтты болсын!» — деді
Оның ішінде «Үздік жас ғалым», «Үздік ұстаз», «Үздік ерікті» сынды аталымдар бар. Үздіктерге арнайы естелік сыйлығы мен 25 мың теңге сыйақы берілді.
Б. ЧОЙБАСОВ