Ашық қоғам орнату – жаңа Қазақстанның басты талабы
Іле ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі №983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер реестріне сәйкес, 64 мемлекеттік қызмет көрсетеді (22 қызмет электронды, 35 қызмет баламалы, 6 қызмет қағаз түрінде).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде «Е-Әкімдік», «Мекенжай тіркелімі», «Е-Собез», «Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйелері қолданылады.
Аудан әкімі аппаратына қарасты 15 мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызмет көрсетеді (1 кент, 9 ауылдық округ, аудандық 5 бөлім).
2022 жылдың 1 жартыжылдығында 33 499 мемлекеттік қызмет көрсетілді. ЖАО көрсеткен қызметтердің жалпы санынан қызметтердің 71,2% электронды түрде ұсынылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдеріне күнделікті бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы барлық жергілікті атқарушы органдардың қызметтерінің көрсету мерзімдерінің сақталуы күнделікті бақылануда.
Жергілікті мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында «Сервистік әкімдік» форматымен аудан халқына қызмет көрсету үшін аудандық 1 сервистік әкімдік және 1 кенттік, 2 ауылдық округ әкімдігінің ғимараттары күрделі жөндеуден өтіп, «OPEN space» форматында жабдықталып, тұрғындарға қызмет көрсетуде.
Биыл Күрті, Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізіп, «OPEN space» форматында жабдықтау жоспарлануда.
Ауданда тұрғындарға электронды түрде қызмет ұсыну үшін барлығы 121 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ауылдық округ әкімі аппараттарының ғиматтарында, балабақша, мектеп, ауылдық кітапханаларда жабдықталған.
1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тұрғындар, 14 760 қызметті ХҚКО бармай-ақ аталған бұрыштар арқылы электронды түрде алған.
Аудан тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру, халықтың цифрлық, құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері, ашық есік күндері, семинарлар тұрақты түрде өткізілуде.
2021 жылы 131 әр түрлі іс шаралар өткізіліп, 47 488 адам қамтылса, 2022 жылдың 6 айында 31 шара өткізіліп, 17 488 тұрғын қамтылды.
Электронды қызметтерді тұрғындарға насихаттау бағытында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында бекітілген медиа жоспарға сәйкес 2021 жылы 56, ағымдағы жылдың 6 айында 27 мақала жарияланды.
Жергілікті атқарушы органдар арқылы әлеуметтік желілерде 16 бейнеролик жарияланып, тұрғындарға барлығы 17000 ға жуық түрлі брошюралар таратылды.
Қызмет алушылармен кері байланыс орнату мақсатында «QYZMET LIVE» жобасы аясында облыстық басқармалардың аудандық бөлімшелері, аудандық бөлімдер басшылары және Боралдай кенті мен ауылдық округ әкімдерімен 36 тікелей эфир өткізіліп, эфир барысында келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.
Департамент пен Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының бірлескен жобасы аясында ауданда еріктілерден құрылған «E-GOV жаршысы» еріктілер клубының мүшелері тұрғындарға электронды қызметтерді оңай алу тәсілдерін түсіндіру үшін жергілікті жерлерде және аудан орталығында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын насихаттап, 39 700 тұрғынды қамти отырып, 38 акция өткізді.
Жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесінде аудан тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу үлесі артқанын атап өткен жөн.
Аудан әкімі жанынан құрылған мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы арнайы мониторингтік тобы тоқсан сайын мекемелердегі қызмет көрсету сапасына талдау жасап тұрады.
Аталған топ мүшелері аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарды мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша 12 азаматтарды қабылдау шараларын жүргізіп, тұрғындар сауалдарына жауаптар берілді.
Ағымдағы жылдың 6 айы бойынша 5 мекемеге талдау жүргізілді.
Талдау қорытындысы бойынша талдау парақшалары толтырылып, кемшіліктер қоғамдық кеңес және «AMANAT» партиясының депутаттық фракция және саяси кеңестің бюро отырыстарында қаралып, ұсыныстар берілді.
Қоғамдық кеңестің отырыстарында Боралдай кенті мен 9 ауылдық округ және 11 аудандық бөлімдердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы мәселелер талқыланып, ұсыныстар орындалды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізудің жоспарына сәйкес 2021 жылы 11, ағымдағы жылы 6 мекемеге ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді. Ішкі бақылау қорытындысы бойынша тиісті шаралар атқарылды.
Аудан тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік қызметтер алу кезінде құқықтарын толық пайдалану мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға қоғам назарынан тыс қалмай жеке азамат ретінде өз құқықтарын заң тұрғысынан білу үшін де мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидаларымен танысып отыру қажет.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында аудан аумағында мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау мақсатында жүйлі түрде жұмыстар жалғаса беретін болады.
Санат Ерболатұлы,
Іле ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер
мониторингі бөлімінің
басшысы