Аудан жаңалықтарыБасты ақпарат

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі — сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысы Іле аудандық мәслихаты жаңа құрылған 5 сайлау учаскелерінің сайлау комиссияларын  құрамын қалыптастыру туралы және учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерінің шығарылуына байланысты олардың бос орнына сайлау учаскелері комиссияларының жаңа мүшелерін қабылдау туралы хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы
30 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 13 қаңтарға дейін
мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның,  қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

3) саяси партияны,  қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін)тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.   

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.  

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы    13 қаңтарға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.

Ескерту: хабарландыру Іле аудандық мәслихаттың ресми сайтында 2022 жылдың 30 желтоқсанында жарияланған.

Іле аудандық мәслихаты

Абилова Роза Михаил кизи — Іле аудандық мәслихатының хатшысы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, З.Батталханов көшесі, 8 үй.

Жауапты тұлғалар – Керімбекова Әсем Сандыбайқызы, Ахилтаева Майра Сайлаубекқызы каб. № 214, 205 қалааралық телефон коды (872752), тел.: 251-70-37, 2-01-34 факс нөмірі 2-00-27,  электрондық почта мекенжайы: ile-maslihat@mail.ru

№ р/сСайлау округінің нөміріСайлау комиссиясының орналасқан жеріСайлау комиссиясы мүшелерінің саны
1234
Жаңа учаскелік сайлау комиссиялары – 5
 967Боралдай к., Байзақов к-сі, 59, №40 ОМ5
 968Қосозен а., Бірлестік к-сі, 1 В, № 50 ОМ5
 969Тлендиев а., Тұлпар к-сі, 30 Б, «Мамырбек» сауда үйі5
 970Жәпек батыр а., Школьный ш.а., № 51 ОМ7
 985Өтеген батыр а., З.Батталханов к-сі 12, Іле аудандық полиция басқармасы УҰИ5
Учаскелік сайлау комиссиялары
 340Боралдай к., Байзаков к-сі, 59, № 40 ОМ3
 341Боралдай к., нөмірсіз, «Боралдай кентінің әуежайы» ЖШС1
 343Боралдай к., Водник-1 шағын ауданы, 66А, «Алматыгазсервис Холдинг» АҚ ғимараты1
 345Боралдай кенті, Водник-1 шағынауданы, Қ.Әзірбаев көшесі, 1, №15 қ. Әзірбаев атындағы ОМ2
 348Боралдай кенті, Водник-1 шағын ауданы, 1В/19, Алматы инновациялық колледжінің ғимараты1
 357Покровка а., Мичурин к-сі, 92В, «Bolashaq kemenger» жекеменшік мектебі1
 361Байсерке а., Арқабай к-сі, 271, № 12 ОМ1
 363Ынтымақ а., Мәңгілік Ел к-сі, 45, № 30 ОМ1
 368Қоянқұс а., Шиелі к-сі, 61, № 1 орта мектебінің ғимараты5
 371Ынтымақ а., Әл-Фараби к-сі, 2А, № 46 ОМ1
 375Жетіген а., Қалибеков к-сі, 5, № 3 орта мектеп ғимаратының оң қанаты3
 377Жетіген а., «Дорожник» шағын ауданы, 18А, «РСУ-1» ЖШС ғимараты8
 382Құйған а., Мәңгілік Ел к-сі, 1А, № 32 ОМ1
 386Қараой а., Қ.Дауылбаев к-сі, 1, Ы.Ноғайбаев атындағы № 18 ОМ1
 387Қараой а., Бейбітшілік к-сі, 10, Қараой ауылының мәдениет үйі2
 390Междуреченское а., Достық к-сі, 10, Междуреченское ауылының мәдениет үйі1
 391Междуреченское а., Достық к-сі, 12, Ю.А. Гагарин атындағы № 16 БМ2
 393Екпінді а., Қобыланды батыр к-сі, 54, № 48 ОМ1
 395ҚазЦИК а., Асубеков көшесі, 1, № 6 Әнуар Молдабеков атындағы ОМ1
 397Комсомола., Школьная к-сі 4, № 31 ОМ1
 409Төле би а., А.Қарсақбаев к-сі, 16 А, № 37 ОМ1
 410М.Түймебаев а, 2-линия, 17, «Күншуақ» бөбекжай-бақшасының ғимараты2

Басқа жаңалықтар

Back to top button