ҚОЯН ЖЫЛЫ БАЯНДЫ ЖЫЛ БОЛСЫН!
Құрметті Іле ауданының тұрғындары!!!
Сіздерді Жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Ескі жылға өкпеміз жоқ, қаншама қиындық болса да, ауызбіршілігіміздің арқасында ел болып еңсеріп, ауыртпалықты жеңе білдік. 2022 жыл қазақстандықтардың бірлігі мен татулығын, елдігін сынға салған жыл болды. Ел тарихындағы елеулі саяси оқиғалар да осы жылы орын алды. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Президентін сайлап, «Жаңа, Әділетті Қазақстанға» қадам бастық.
Жаңа жыл – бәріміз шын жүректен асыға күтетін, қуанышқа толы ең жайдары, келер күнге мол сенім артатын ерекше мереке. Барыс жылы бірлік пен татулық сыналған, ұлт жігері қайралған намыс жылы, жетістікке толы табыс жылы болды. Соның ішінде, ауданымыз үшін ел тілегі жүзеге асқан, серпінді жобалардың орындалуымен есте қалды. Барыс жылын өңіріміз үшін табысты жыл деуге болады. Барлық макрокөрсеткіштер бойынша жағымды оң динамиканы сақтап қалдық. Әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандары салынып, жылу, газ, электржабдықтау инфрақұрылымдары жүргізілді, ауданымыздың шеткі аймақтарындағы, елдімекендердегі жолдар жөнделді. 2022 жылы ауданымызда көлемді жобалар қолға алынып, өндіріс орындары салынып, ел экономикасын дамытуға үлес қосса, бірнеше білім ошақтары бой көтеріп, оқушыларымыз заманауи үлгідегі мектептерде білім алуда.
Қадірлі жерлестер!
Әрбір қол жеткізген жетістігіміз – Сіздердің зор еңбектеріңіздің жемісі.
2022 жылды нәтижелі аяқтап, шежірелі Іле өңірінің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін!
2023 жыл Сіздерге жақсылық, отбастарыңызға амандық, мол ырыс-несібе әкелсін! Ел қамбасы қазыналы болып, берекеміз арта берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, ізгілікте, татулықта ғұмыр кешіп, қастерлі ұлы Отанымызды мекендеген әрбір жанның жүзіне тек күлкі ұялап, Қазақстанымыз гүлдене берсін. Жаңа жыл жаңа табысқа жетелесін!
Жаңа жыл құтты болсын!