Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменттің ұйымдастыруымен департамент жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.
Аталған ведомствоаралық жұмыс тобының негізгі функцияларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
Бұл тұрғыда мемлекеттік органдардың қоғаммен өзара іс-әрекеттестігі рөлі ерекше.
Отырысқа Алматы облысының аудан, қала әкімі аппаратының басшылары, аудан әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметтер мониорингі бөлімдерінің басшылары қатысты.
Мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізу мақсатында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасы бойынша Алматы облысының мемлекеттік органдарында мүмкіндігі шектеулі жандарға және басқа да қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу сапасын бағалау бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған.
Қолжетімділік мониторингі мемлекеттік қызметтер туралы Заңға сәйкес, мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті жағдай жасау туралы, ғимараттарда пандустың болуы, олардың стандарттарына сәйкестігі, қоңыраудың болуы, баспалдақтардың сәйкестігі, көру қабілеті шектеулі азаматтарға арналған брайль атаулары бар стендтер және т.б. критерийлер бойынша жүргізілді.
Жұмыс тобымен Мемлекеттік қызметтерді алу үшін халық жиі жүгінетін аудандардағы мемлекеттік мекемелер қамтылды. Олар – аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары және сәулет, қалақұрылысы бөлімдері.
Департамент жанындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысында өңірдегі аудан, қала әкімдіктерінде, аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларында, жұмыспен қамту орталықтарында, ХҚКО-да жүргізілген мониторинг қорытындылары талқыланды.
Бұдан бұрын, талдау тобымен бірқатар мемлекеттік мекемелерде тұрғындарға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың қиындықсыз қызмет алуына жағдай тиісті деңдейде жасалмағандығы анықталған болатын. Заң бұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша 29 нұсқама енгізіліп, барлығы орындалып, 35 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Осыған байланысты, аудан әкімдіктері аппараты басшыларының мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі, қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған шаралар қабылдау туралы есептері тыңдалып, кемшіліктерді жоюдың нақты мерзімдері белгіленді.
Отырыс барысында сөз алған департамент жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі Қапшағай қалалық мәслихатының хатшысы Сәуле Қайырлықызы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасау үшін аудан әкімі аппараттарының басшылары бюджеттік өтінім берілгені туралы ақпараттарына қанағаттанбайтынын жеткізді. Себебі бюджеттік өтінім берілгенімен қаржы мәселесі жылдар бойы шешілмей келе жатқанын тілге тиек етті.
Алматы облыстық бюджетті жоспарлау басқармасы мүмкіндігі шектеулі азаматарға жағдайлар жасау туралы аудан, қала әкімдіктерінің қаржылық ұсыныстарын дер кезінде қаржы бөліп, жағдай жасау ел Президентінің халыққа жолдауындағы әлеуметтік бағытының Алматы облысында тиісті деңгейде орындауы деп білетінін жеткізді.
Департамент жанындағы мемлекетітк қызметтер сапасын арттыру жөніндегі Ве-домствоаралық жұмыс тобының зерделеуінің қорытындысы бойынша Жамбыл, Қарасай, Райымбек, Ұйғыр аудандары мен Қапшағай қаласының әкімі аппараты басшыларының атқарылып жатқан жұмыстары туралы тыңдалды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйе-сін жетілдіру алаңдарының бірі – әкімдіктер жанындағы Қоғамдық кеңестер.
Департаменттің ұсынысына сәйкес, 2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы мәселелер облыстық, аудандық/қалалық Қоғамдық кеңестердің 41 отырысында қаралып (38 – аудандық, 3 – қалалық деңгейдегі Қоғамдық кеңес отырыстары), мемлекеттік органдарға 73 ұсыным енгізілді.
Жиын барысында қорытынды сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы мемелекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Такебаев Асхат Қанатұлы кейбір аудан/қала әкімдіктері мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің арттыруы бойынша тиісті деңгейде жұмыс жүргізбегенін атап өтті.
Мысалы, агенттіктің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы мәселелер аудандық/қалалық Қоғамдық кеңестер отырыстарында кемінде тоқсанына 1 рет қаралуы тиіс болған. Алайда, облысымыздың кейбір аудандарында бұл жұмыс тиісті деңгейде жүргізілмеуде.
Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мақсатында аудан/қалаларда құрылған мониторингтік топтарымен 2022 жылы 9 айдың қорытындысы бойынша 99 іс-шара өткізілген. Алайда, Қонаев қаласы, Жамбыл, Райымбек, Ұйғыр, Балқаш, Қарасай аудандарында аталған іс-шара жоспарға сай жүргізілмейді, яғни Қонаев қаласында 1-2 тоқсанда мүлдем бұл іс-шара жүргізілмеген, ескерту айтылғаннан кейін 3 тоқсанда ғана жұмыс жүргізілді, Ұйғыр ауданымен жұмыс тек қыркүйек айында басталған, Райымбек ауданымен бұл іс-шара аз камтылса, ал, Еңбекшіқазақ, Талғар, Кеген, Іле аудандармен аталған шара белсенді өткізілгенін атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша аудан, қала әкімі аппараты басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Өз тілшіміз