Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратМәдениетМерекелерРухани ЖаңғыруРуханиятЭнергетический ауылдық округі

ІЛЕ БҮГІН НАУРЫЗ ТОЙЫН АТАП ӨТТІ

Бүгін жылына бір келетін Әз-Наурыз мерекесі аудан орталығы Өтеген батыр ауылында  кеңінен аталып өтілді. Орталық «Арбат» саябағында округтерден келген мекемелер өздерінің ең үздік көрнекіліктерін ұсынды. Мерекелік сахна әдеттегідей ән мен жырға толды. Ұлттық киім киген аудан өнерпаздары да Наурыз тойын шаттық тойы етіп тойлады. Дүбірі алыстан естіліп жатқан мерекені бастамас бұрын аудан әкімі әрбір шатырға бас сұғып, мерекемен құттықтады. Онда әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге бай қазақ халқының «Бауырсақ pati» пісіріп халыққа тарату, ұлттық тағамды насихаттау,     «Ұйқыашар, селтеткізер», «Ұлттық ойындар», «Құйрық-бауыр тарту», «Қыз ұзату», «Бесікке салу», «Тұсау кесер» секілді көріністерді тамашаланды. Халыққа наурыз көже, палау таратылды.  Мерекеде арқан тартысып, тоғызқұмалақ, асық ойнап, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген жастар ұлттық ойынның көркін қыздырды. Дүбірлі думанды тамашалауға келгендердің де қарасы қалың. Орталық стадионда Іле ауданының  мәдениет қызметкерлері дайындаған гала концертке ұласты.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button