Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғам

«АЛМАТЫГАЗСЕРВИС-ХОЛДИНГ» КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРУ АУМАҒЫН ИНВЕСТИЦИЯ АРҚЫЛЫ АРТТЫРУДА

Іле ауданы, Боралдай ауылдық округінде орналасқан  «Алматыгазсервис-Холдинг» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті 2021 жылғы 15 қазанда «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ-мен бірлесіп кәсіпорын нысандарына бару арқылы баспасөз турын өткізді.  Аталмыш компания табиғи газды жеткізу саласында монополист те болып саналады. Ал, осы акционерлік қоғамы 2021 жылға арналған табиғи газды тасымалдаудың ұзақ мерізімді тарифін әзірлеу және бекіту 2021-2025 жылға арналған инвестициялық бағдарлама әзірленіп, бекітілген болатын. Инвестиция аясында Ащыбұлақ ауылдық округіндегі «Жомарт» автоматтандырылған газ тарату станциясынан Төле би ауылы арқылы табиғи газды магистральды газ құбырын  Қараой ауылдық округіндегі ауылдар мен жаңа құрылыстарына тартылды. Елді- мекенде  тұтынушылардың өсімі 10 000-нан астам абонентті құрайды.

Осы орайда «Бұл инвестицияның халыққа берер пайдасы бар ма?» деген заңды сұрақ туындайтыны сөзсіз.

Әрине, жыл өткен сайын Іле, Қарасай,  Жамбыл аудандарының халқы күннен-күнге өсіп жатыр. Осы ретте халқы тығыз орналасқан елдімекендердің газ құбырларының тиімді жұмыс істеуін және тұтынушыны кепілдендірілген қысымы тұрақты көгілдір отынмен қамтамассыз ету болып саналады. Халықтың тұтынуы көбейген сайын газ беру қысымы төмендемес үшін биыл 505 000 000 теңге көлемінде инвестиция компания тарапынан бөлініп, 273 диаметірлі газ құбыры жүргізілді.  Бүгінде бұл бағдарлама бойынша  ауылдық округтерімізде көптеген жұмыстар атқарылып, жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Гүлмира Өтегенова келіп, жоғарыда аталған жұмыстарын көрді. Іле ауданы, Төле би ауылындағы  орнатылған газ құбырларының құрылысымен танысты.

Осы инвесторлық жұмыстың басы қасында жүрген компанияның бас инженері Валерий Сағымбаев: «Біздің 14 шақырымға тартылған жаңа құбырымыздың негізгі мақсаты – Қараой ауылдық округінің тұрғындарын емін-еркін көгілдір отынмен қамтамасыз ету. 14 шақырымның 7 шақырымын аяқтадық. Қалғанын желтоқсан айында бітіріп, ел игілігіне береміз» — деді.

Айта кетейік, тілге тиек етіп отырған  «Алматыгазсервис-Холдинг» акционерлік қоғамында бүгінгі таңда 90 000 абонент бар, оның ішінде 300 үлкен зауыт 3000 жуық кіші комбинаттар бар. 5 төтенше жағдай бөлімі бар, екеуі Іле ауданында орналасқан. Өткен жылы төтенше жағдайларға байланысты шақыртулар көп болған, оның көбісі газ есептегіш құралдарының аяқ-асты істен шғуына байланысты болған.

Қайрат Ортыбаев, Қараой ауылдық округінің әкімі: «Біздің округте халық саны 18 000 -ға жуық, үш елдімекеніміз бар.  Газға байланысты 5000-ға жуық абонентіміз бар. Былтыр қыста көгілдір отынымыз жетпей, қыстың көзі қырауда жылу жетпей біраз жұртты әбігерге салды. Енді биыл Алматыгазсервис-Холдинг» акционерлік қоғамы өзі инвестиция бөліп, округімізге газ құбырын әкелді. Осы жылдың аяғында толық жұмыстары бітіп, қараойлықтарды жылумен қуантатына сенемін» — деді. Департаменттен келген өкілге «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ-ның президенті Айна Сексенбаева, Боралдай ауылдық округінің әкімі Д. Төлеуханұлы, Қараой ауылдық округінің әкімі Қ. Ортыбаев барлық жаңартылған газ құбырлары жайлы толық ақпарат беріп, Іле ауданындағы барлық нысандарды аралап, жұмыстарымен таныстырды.

«Алматыгазсервис-Холдинг» акционерлік қоғамының ұсынып отырған тарифы 29 теңге көлемінде. Жеке тұрғын үйге газ кіргізу құны 350 000 теңге көлемінде тұрақтанған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button