Психологиялық семинар коучинг өтті
28 қараша күні сағат 15.00-де Өтеген батыр кенті орталық кітапхана оқу залында әлеуметтік тапсырыс аясында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Жетысу мурагер» ұйымының ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған азаматтар арасында психологиялық семинар коучинг өтті. Коучингті практик – психолог, бизнес тренер, коуч Құдаспаева Махтал Сапарғалиқызы жүргізді.
Семинар коучингтің басты мақсаты – пробация есебінде тұрған азаматтардың бойында жаңа қызығушылық ояту, өміріне серпіліс пен өзгеріс енгізуіне көмектесу.
Семинар барысында әлемдегі күйзеліс, күйзелістен шығу түрлері, теріс энергияның адам ағзасынан шықпаудың кері әсері туралы айтылып, адам өзіннің өмірдегі атқарып жүрген рөлін айқындап, өмірлік миссиясына тоқталып өтілді, қатысушылар тарапынан кері байланыс байқалып, келешекте психолог мамандармен жұмыстың маңыздылығы көрсетілді.