ІЛЕ АУДАНЫНДА, САЯЖАЙДА 1500 ОРЫНДЫҚТЫ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Жыл басын Іле ауданы жақсы жаңалықпен бастады. Аудандағы жекеменшік мектептердің қатары толықты. «Менің мектебім» атты білім ордасы Ащыбұлақ ауылдық округіндегі халқы тығыз орыналасқан «Ақ жол» саяжайында ашылды. Ауданда бұрын 54 мектеп, соның ішінде 9 жекеменшік мектеп болса, «Менің мектебім» оныншы болып тіркелді. Мектеп мемлекет басшысы Т.Тоқаевтың жан басына қаржыландыру бағдарламасы аясында салынған. Жеке кәсіпкер «KAPITAL CONSTRUCTION» компаниясының директоры Төренияз Ринат Оралсейітұлы мектептің құрылыс жұмысына 5,9 млрд. теңге қаржы жұмсаған. Мектептің ашылуында Алматы облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова келіп қатысып, тұсауын кесті. Ол: Алматы облысы Іле ауданы бойынша 19 үш ауысымды мектеп бар. Обылыс әкімінің тапсырмасы бойынша осы мәселенің алдын алу үшін көптеген іс-шаралар жасалып жатыр. Биылғы жылдан бастап 26 жайлы мектеп құрлысы басталды, 2024 жылы 27 орта мектеп құрлысымен санағанда 53 мектеп салынбақ. Биылдың өзінде 16 орта мектеп ел игілігіне берілді. Осы қаңтар айында тағы да 4 мектепті тапсырмақпыз. Осының барлығы жас ұрпаққа арнайы жасалған шаралар. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының арнайы тапсырмасын орындап жатырмыз. Сонымен қатар Ринат Оралсейітұлы сияқты кәсіпкер азаматтарымыз да бір жағымызға шығып, болашақты бірге қалап жатырмыз. Компаияға табыс тілеймін. Елдің алғысына бөленіп жүре беріңіздер дегім келеді! Саяжай елді мекенге жатпайды. Ол жерде республикалық бюджеттен құрылыс жүргізу өте күрделі. Осындай жомарт азаматтардың көмегімен ғана іске асыра аламыз. Жеке инсвестор тарту арқылы, мектепке жан басына шаққанда қаржыландыру мемлекеттік тапсырыс беру арқылы балаларды тегін оқыту мәселесін осы инвесторлар шешіп жатыр. Сондықтан «Менің мектебім» ұжымын, шәкірттерін құттықтаймын! Ғалымдар мен отан сүйгіш азматтар көптеп шыға берсін деймін – деді өз сөзінде.
Ұжымда 152 жергілікті ұстаз жұмыспен қамтылған. Жалпы мектеп 1500 балаға арнайы жайлы мектеп бағдарламасы жобасы бойынша бой көтерген. 1-4 бастауыш сыныптары ақысыз тамақтанады. Таңертең сабақ өтеді, түсте тынығу сағаты, түстен кейін қосымша сабақтар, әртүрлі шаралар ұйымдастырылады. Мектеп жаңа компьютерлік жүйелермен, заманауи компьютерлік техникалар, интерактивті электронды тақталар, жоғары жылдамдықты интернет, мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған. Жеке кітапханасы бар. Үшінші қабатта Coworking орталығы бар. Бұл жерде оқушылар демалып, кітап оқып, өздерінің шығармашылықтарымен айналыса алады. Балалар емін-еркін білім алуы үшін барлық жағдай қарастырылған. Олардың демалатын, тамақтанатын орны, сабақ оқитын кабинеттері талапқа сай жасақталған. Балалар топтық жүйе бойынша оқытылады. Ұстаздары жоғары, бірінші, екінші санатты педагогтар. Оқулықтары жеткілікті. Аталмыш зияткерлік мектепте мұғалімдер кәдімгі стандартқа сай оқу бағдарламасымен сабақ өтеді. Дегенмен, жекеменшік мектеп басшыларының айтуынша, мұнда пәндер бойынша қосымша сабақтар өткізіліп, білімді тек теория жүзінде ғана емес, тәжірибемен ұштастыруға көбірек мән беріледі. Оған қоса, қазақ, орыс, ағылшын тілдері тереңдетіліп оқытылады. Айтпақшы, балаңыздың оқуы ақысыз. Барлық шығынды «KAPITAL CONSTRUCTION» компаниясының есебінен болады. «Менің мектебім» жекеменшік мектебі ұжымының алға қойған жоспарлары жетерлік. Солардың бірі табиғат аясында экскурссия, қаладағы обылыс көлеміндегі мәдени-тарихи орындарға арнайы апарып саяхаттауда кіреді. Спорттық түрлі секциялар ашылған оның ішінде жу-до, таэквондо, бокс, күрес үйірмелері бар. Мектепте екі спорт залымен қоса жаздық мини футбол және жеңіл атлетика орны бар. Мектептің жиһаздары еуростндартқа сай, шет елдік компаниялардың өнімі. Алыста тұратын шәкірттерге арналып, апарып-әкелетін арнайы автобуста қарастырылған.
Мектептің негізін қалаушы құрылтайшысы Жеке кәсіпкер «KAPITAL CONSTRUCTION» компаниясының директоры Төренияз Ринат Оралсейітұлы : Бұл біздің компанияның алғашқы салған мектебі. Жайлы мектеп бағдарламасымен «Ақжол» саяжайының тұрғылықты тұрғындарының сұранысы бойынша салдық. Мектеп директоры да ұстаздарда жергілікті мектептерден таңдалынып алынды. Біздің жұмысымыз осымен тоқтап қалған жоқ. Компания Алматы облысы бойынша екінші мектепті Есік қаласынан салуды бастады. Жоспарымызда жаздық лагерде салсақ деген ниетіміз бар. Шәкірттердің сыртқа шығып мәдени-тарихи жерлерді аралау, танымдық сабақтарын өткізуі барлығы компанияның демеуімен болады. Шәкірттеріміз тек жайлы мектепте, жанды білім алса екен деген ниеттеміз, – деді.
Ақылбек Солтанқұлов, мектеп директоры: Бұл жерде ата-ана ешқандай ақша төлемейді. Сонымен қатар саяжайда салынғандықтан бірнеше саяжайдан автобус тасымалын ұйымдастырып отырмыз. Бүгінгі таңда 4 бағытта 9 автобус шықты. Басты мақсатымыз – оқушыға сапалы білім беру, – деді.
Осымен Ащыбұлақ ауылдық округінде 11 мектеп бой көтерді. Бұл округте 57 мың халық тұрады. 47 саяжай бар.
Бағдат ТОҚАНҰЛЫ