Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің назарына!
«Іле ауданы ішкі саясат бөлімі» ММ 2024 жылғы 31 қаңтарынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылатынын хабарлайды.
Ескерту. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген салалар бойынша қызметін жарғылық мақсаттарға сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары қатысады (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 402-б.).