АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ СУ КАНАЛДАРЫ КӨПВЕКТОРЛЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА ЗӘРУ
Өткен аптада Іле ауданына ҚР Мәжіліс депутаты Жанболат Жөргенбаев арнайы ат басын тіреді. Іссапардың мақсаты – Алматы облысындағы су қоймаларын аралап, жәй-күйімен танысу. Алдымен Күрті ауылдық округіне қарасты 1970 жылдары қолданысқа берілген Сорбұлақ тұндырма су қоймасын көрді. Тұндырма Алматы қаласы және оның маңындағы көпқабатты үйлер мен кәсіпорныдарының кәріз суларына арналып салынған. Мегаполистің құрылысы қарқындап, кеңейген сайын тұндырма су қоймасының көлемі жыл сайын артып келеді. Негізі, қоймадағы жиналған суды ауылшаруашылығы саласында егістіктерді суару үшін қолданылады. Бұл жерде балық аулауға және шомылуға заң жүзінде қатаң тиым салынады. Су қоймасы бүгінгі таңда ауылшаруашылық жағдайында қызметі толық пайлынылмай отыр. Жергілікті суға жауапты мамандардың айтуынша, 5 мың 500 гектар егістік сусыз отыр. Судың көлемі төмен болғандықтан 70-80 миллион текше метр су алынып отыр екен. Ал, негізгі ауылшаруашылыққа қолданылатын су көлемі 900 миллион текше метр су қажет етеді. «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры»- демекші, Сорбұлақ су қоймасына жауапты мекеменің бірі «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық мекемесі мен Іле ауданындағы Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы «Ілеирригация» су шаруашылығы мекемелері арасындағы келісім шарттар толық орындалмағандықтан, екі жақ дауласуда.
Мәжіліс депутаты Ж.Жөргенбаевтың айтуынша, екі жақты ортақ келісімге шақыру үшін дөңгелек үстелде бас қосып, даулы мәселеге нүкте қоюға шақырды. Күрті су қоймасында да үлкен мәселе бар. Күрті су қоймасын Жамбыл және Іле ауданының шаруалары қолданады. Мысалы, 70 шақырым каналдың жартысында бетондалған су Іле тарапына тиесілі, яғни су жерге сіңбей шаруа қожалықтарынаың сұранысын қанағаттандыра алады. Ал, Жамбыл ауданына тиесілі бөлігінде бетондалмаған каналдар. Су қоймасынан жіберілген су Жамбыл ауданынынң шаруаларына жартылай жетеді. Канал табаны бетондалмағандықтан су жерге сіңіп, белгіленген мөлшерден төмен көлемде шаруаларға барады. Осындай мәселелерді Мәжіліс депутаты Ж. Жөргенбаев республикалық бюджеттен қаржы бөлгізіп, тозығы жеткен каналдарды жөндеуге және су қоймаларын, каналдарды көпвекторлы зерделеу, зерттеу жұмыстарына ат салысатынын айтты. Ол алдымен депутаттық сауал жолдап парламент деңгеінде талқыламақ. Жалпы қос су қоймасынан су тасу қауіпі төмен.
Су қоймаларын аралауда Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Аяшев, Іле аудандық Мәслихат төрағасы Мұхит Бақытұлы, Күрті ауылдық округінің әкімі Төлеген Омаров, және осы салаға жауапты мамандар бірге жүрді.
Бағдат ШОЙБАС