Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

Жолдағы жағдай: Отандық өндірушілерді қолдау керек

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев жолдарды орташа жөндеу және отандық өндірушілерді қолдау бойынша кеңес өткізді. Онлайн форматта ұйымдастырылған жиынға Астанадан Алматы облысына жұмыс сапарымен келген «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК бас директоры Болатбек Айтбаев, «ЖАСҰО» РМК Алматы облыстық филиалының директоры мен қызметкерлері және Алматы қалалық филиалының басшылары, сондай-ақ «Қазавтожол» ҰК Алматы облыстық филиалының директоры қатысты. Сонымен қатар әкімдіктер, мердігерлік ұйымдар және отандық тауар өндірушілердің өкілдері де болды.

«Сұрынысы аз болмағанымен, жалпы өзі компаниялар енді осы жол саласындағы материалдарды өндіруге жақсы бастама алып келе жатыр. Соларды қолдау мәселесі көбіне. Өндірістік компаниялардың басшыларының компанияларының ой-пікірлерін тыңдап, біздің саланың басшыларына тиісті тапсырмалар берілген болатын» — деді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК бас директоры Болатбек Айтбаев.

Жиналғандар жергілікті тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі бастамалардың қалай жүргізіліп жатқанын талқыға салды. Министр жол белгілерінің сапасына да бөлек тоқтала келе, күре жолдардың бойында дәретхана санын арттыру сынды мәселелерді көтерді.

«Сонымен бірге жол белгілері, жол таңбалау. Оны қою барысында немесе заводтан тапсырыс берушіге берген уақытта біз сапасын тексеріп отырамыз. Өзіміздің арнайы құрал-жабдықтар бар. Ол жұмыстар әрдайым атқарылады» — деді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша бөлім басшысы Қанат Хамитжанов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button