АНА ДЕНСАУЛЫҒЫ – ҰЛТ САУЛЫҒЫ
Іле ауданының орталық ауруханасынының әйелдер саулығын бақылау кеңесшісі, акушер, білікті маман – Майра Тлемисова.
Кейіпкеріміз таңғы жұмысын алдындағы жайып тастаған ақ папкаларындағы науқас әйелдердің денсаулығындағы кілтипандарды нақтылап жазып, ары қарай қандай ем қабылдау көректілігі жайлы тарихнама толтырудан бастайды.
Майра Абдулаиевна алғашқы акушерлік жолындағы еңбек жолын 1988 жылы осы Өтеген батыр ауылындағы орталық аурухананың табалдырығынан бастаған: «Күні-түні перзентхананың ішіндегі қазаны қайнап жатқан қара жұмыстан қолымыз босамайтын. Бұл мамандық өз таңдауым ғой. Негізгі алға қойған мақсатым мединститутты аяқтап үлкен дәрігер болу еді. Бірақ медициналық колледжді аяқтап, осы ауруханаға жұмысқа тұрғанымда
тұрмыс құрдым да арманымның жартысы ғана орындалды.
Осыған да шүкіршілік етемін». Кәсібінде ең баса мән беретіні – тазалық.
Маман адам денсаулығының бекем болуы жан тазалығы мен тән тазалығының үйлесімділігінде деп санайды. Бұл қағидат, әсіресе, әйел заты үшін ең маңызды. Себебі, қазіргі уақытта әйел ауруы жасарып барады. Әйел бойында жиі кездесетін қатерлі аурулар жайлы Майра Абдулаиевна: Ең алдымен сүт бездерінің обыры. Елімізде соңғы 20 жыл ішінде сүт бездері обыры ауырының тұрақты тенденциясы байқалады. Әсіресе, біздің аудан немесе Алматы қалалары сияқты үлкен мегаполистерде жиі кездеседі. Екінші қатерлі ауру ол жатыр мойын обыры. Кейінгі онжылдықтарда жатыр мойынның инвазивтік рагымен науқастанудың айқын төмендеу құбылысы анықталған.
Жатыр мойыны обырымен науқастанудың ең жоғарғы деңгейі 50-60 жаста байқалады. Ең көп төмендеу деңгейі репродуктивті жаста, бір шама төмендеуі етеккір үзілісіне дейінгі кезең.
Майра Тлемисова жаңа заманның жаңашылдығына тез бейімделетін кәсіби мамандардың бірі. Ақ халатты абзал жанның пікірінше, қазір технологияның дамыған уақытында мамандардың да білім деңгейі мен қызмет көрсету сапасы қарыштап келеді. Бұл өзгерістерге бейімделе отырып, маман өз біліктілігін
ізденіспен, талапшылдықпен және табандылықпен дамытуды жөн санайды.
Сөз соңында маман, аудан көлеміндегі барлық ақ желеңді абзал жандарды төл
мерекесімен шын жүректен құттықтап, дендеріне саулық, жанұяларына бақыт тіледі.
Өз тілішіміз