Іле ауданында ұстаздармен АЭС салуды қолдау жөніндегі кездесу өтті
Іле ауданындағы №23 мектепте АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың ұйымдастыруымен еңбек ұжымымен кездесу өтті. Кездесуде атом электр станцияларының экологиялық тиімділігі мен қауіпсіздік жүйелері талқыланды.
💬 «Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымының 70%-ы тозған, сондықтан жаңа және қауіпсіз энергия көздерін дамыту қажет. АЭС салу арқылы біз энергетикалық тапшылық мәселесін шешіп, тұрақты әрі экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етеміз. АЭС жылына 100 млрд кВт/сағ-қа дейін энергия өндіруге қабілетті, бұл еліміздің қажеттіліктерін толық қанағаттандырады», – деді Халықтық штаб мүшесі Гүлзира Болатқызы.
Мектеп ұжымы атом электр станцияларының заманауи технологияларымен танысып, олардың қауіпсіздік деңгейіне оң баға берді. АЭС салу – елдің болашағына бағытталған сенімді қадам.
#АЭСүшін #ВыборЗаАЭС #ХалықтықШтаб