Алматы облысының жаңалықтары

Батырларымыздың рухымен!

Бүгін Жамбыл ауданында референдум өткізу қарсаңында халықтың дауыс беру белсенділігін арттыру мақсатында ерекше шара ұйымдастырылды. Сайлау учаскесіне қазақ батырларының киімін киген бір топ адам келіп, тарихи мұра мен ұлттық құндылықтарды насихаттады.
Олар елдің өткенін еске түсіріп, бүгінгі таңда азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті. Батырлардың киімі мен атрибуттары сайлау учаскесіне келген азаматтардың назарын аударып, дауыс берудің маңыздылығын түсінуге септігін тигізді.
Бұл акцияның мақсаты – халықты референдумға белсенді қатысуға шақыру, ұлттық бірігейлікті нығайту және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу болды. Батырларымыздың рухы мен батылдығы, бүгінгі қоғамға үлгі ретінде көрсетілді.
Халықтың референдумға келуі – ел болашағының кілті. Олардың дауыс беруі – еліміздің тағдырын шешуге қатысуы. Осындай шаралар арқылы азаматтарымызды белсенділікке шақырып, бірге күш біріктіріп, өз дауыстарын беруге ынталандыру мақсатында еліміздің әрбір азаматының қатысуы маңызды.
Дауыс беру – әркімнің азаматтық борышы, ал батырларымыздың киімін киген жастарымыз – осы борыштың символы. Референдумда әр дауыс – елдің болашағына қосылған үлес!

Басқа жаңалықтар

Back to top button