Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

СТУДЕНТТЕР ЗЕРТХАНАМЕН ТАНЫСТЫ

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК ШЖҚ Алматы облыстық филиалына Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің 4 курс студенттері ашық есік күніне келді. Кездесу барысында студенттерге зертхананың жұмысы мен маңыздылығы мұқият түсіндірілді.


«Облыстық филиал үнемі ашық есік күндерін ұйымдастырады. Студенттердің зертханаға келуі өте маңызды. Себебі алып жатқан теориялық білімдерін практика жүзінде көруге мүмкіндік зор. Бұл деген әрбір студенттің қазірден бастап маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді» — деді зертхана меңгерушісі Ердос Көкірекбаев.
Зертханада жасалатын әрбір сынақтың түрлері көрсетіліп, студенттердің өздері жасап көруіне мүмкіншілік берілді. Атап айтқанда керннің тығыздығын, сумен қанығуын және де тығыздалу коэффициентін анықтау сынды сынақтар жүргізілді. Сонымен қатар, зертханадағы әрбір құрылғылармен жете танысып және сол құрылғылар арқылы жұмыс жасауына инженерлер мен зертханашылар көмек қолын созды. Атап айтқанда филиал әрдайым білім іздеген әрбір студентке есігі ашық екенін ескертті.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button