Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

ЖОЛДАРДЫ ҚЫСҚЫ КҮТІП ҰСТАУҒА ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергеновтың төрағалығымен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Алматы облысы бойынша филиалы» өкілдерінің қатысуымен 2024-2025 жылдары облыс аумағында автомобиль жолдарын күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды талқылау бойынша кеңес өтті.


Кеңес барысында, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ» Алматы облыстық филиалының және облыстық жол басқармасы күтіп ұстау жұмыстары бойынша баяндамалары оқылды.
Облыстық жол басқармасының баяндамасында айтылғандай, облыстық маңызы автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына мердігер мекемелерімен бүгінгі күнде 127 дана арнайы техника және 308 тонна жанар-жағармай дайындалды. Жоспар бойынша 12 мың тонна көктайғаққа қарсы материалдың, 9 481,1 дайындалды. Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі үшін уақытша жол белгілері орнатылуда (жылдамдықты азайту, қауіпті аймақ және назарға алу жол белгілері).
Одан бөлек, барлық 9 аудан және 2 қалада өнеркәсіптік базаларында жылыту пункттері ас үймен, жүргізушілер мен жолаушыларға арналған демалыс бөлмелерімен, қосымша жылу зеңбірегі (пушка) және генераторлармен жабдықталған.
Алматы облысының 9 ауданы мен 2 қаласын 2025 жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмыстарымен айналысушы мердігер мекемелер желтоқсан айында мемлекеттік сатып алу веб-порталында ашық конкурс тәсілімен өткізу арқылы анықталатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button