Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

«ШАҢЫРАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Этножурналистика саласындағы облыстық «Шаңырақ» шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті. 1 қаңтарданіріктеуі басталған шығармашылық байқаудың ақтық мәресі Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында өткізілді. Қатысушылар этно саласында дайындаған шығармашылық жұмыстарын қорғап, өздерін сан қырынан танытты.

       Аталған байқау этносаралық бірлік пен келісім тақырыбын телеарналарда, интернет ресурстарында және әлеуметтік желілерде кеңінен танымал етіп, дарынды журналистерді анықтап, олардың қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға және қазақстандық этножурналистика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ынталандыру мақсатында өткізілді. Байқау барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жариялап, беделін арттыратын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты кеңінен насихаттайтын, мемлекеттіктілдің қызмет аясын кеңейтуге және жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған үздік авторлар іріктелді

        Аталған жарыс этножурналистика саласындағы қаламы қарымды журналистердің еңбегін насихаттауға және ұлттық мәдениетімізді дәріптеуге бағытталған.

       «Шаңырақ» шығармашылық байқауын әділ әрі кәсіби тұрғыда бағалауға Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Нұрахметова Салтанат Орынбекқызы, Облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы — Сайдильдина Забира Дайранқызы, Облыстық  ҚХА жанындағы жетекші журналистер клубының төрағасы — Қызайбаева Гүлжан Ерікқызы және Алматы облыстық «Алатау арайы» газеті бас редакторының орынбасары — Мәжит Болат Батықұлы қатысып, байқауға қазылық етті.

       Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды «Алатау арайы» республикалық газетінің журналисі Құралай Мұратқызы, екінші орынды «Жетісу» телерадиокомпаниясының редакторы Надежда Белова мен «Огни Алатау» республикалық газетінің журналисі Фатима Ержанова, ал жүлделі үшінші орынды Alataunews.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Мөлдір Иманмади, аудандық «Іле таңы» газетінің тілшісі Диана Канатова және Ұйғыр ауданының Аналар кеңесінің мүшесі Баян Мамырбаева иеленді. Барлық жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды. Қазылар алқасының шешімімен, байқаудан тыс өзге қатысушылар құрмет граммотасымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

     Сөз соңында, Алматы облыстық «Алатау арайы» газеті бас редакторының орынбасары Мәжит Болат Батықұлы жеңімпаздарды құттықтады: «Журналистика саласындағы еңбегімен этностардың бірлігін дәріптеген барлық қатысушыларымызға алғыс айтамыз. Сіздердің еңбектеріңіз қоғамда бейбітшілік пен келісімнің нығаюына ықпал етеді.Бүгінгі жеңімпаздарға үлкен табыс, шығармашылық шабыт және жаңа биіктерді бағындыру тілейміз» — деді Болат Батықұлы

     Алматы облысының «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ барлық жүлдегерлерді құттықтап,қатысушыларға кәсіби қызметте көптеген жеңістер мен шығармашылық табыстар тіледі.

      Айта өтелік, шығармашылық байқау барысындаАлматыдағы «UIB» Халықаралық бизнес университетінің аға оқытушысы журналистика саласындағы «Сөйлеу техникасы» медотикасының авторы, «Tolkynsoz»  ораторлық мектебінің негізін қалаушысы, «Әдемі сөйле» авторлық методикалық кітапша авторы Сайдуова Толқын Одақбайқызы қатысушыларға арнайы тренинг өткізіп, журналистер үшін құнды ақпаратымен бөлісті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button