Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖОЛДАРЫНАН БИЫЛ 781 СЫНАМА АЛЫНҒАН

Алматы облысы бойынша биыл жалпы пайдаланылымдағы автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеуге 85,8 млрд теңге қарастырылып, 93 жоба іске асыру жоспарланған және толығымен сапа сараптамасымен қамтылған.
Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдарға 52,2 млрд.теңгеге 20 жоба, облыстық маңызы бар жолдарға 21,2 млрд.теңгеге 18 жоба, көше жолдарына 12,4 млрд.теңгеге 55 жоба.
Алматы облысы бойынша филиалымен ағымдағы жылы 194,3 млн.теңгеге келісім-шарттар жасалып, жалпы жоспарланған қаражаттың 105%-н құрады, оның ішінде:
— республикалық желі бойынша 44,3 млн.теңге;
— жергілікті атқарушы органдарымен 116,4 млн.теңге;
— жеке мекемелермен 33,6 млн.теңге.
Қазіргі уақытқа жалпы 180,1 млн.теңге (93%) игерілген.
Филиалмен 2024 жылдың басынан жалпы 282 шығу жүзеге асырылды, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдарға 189, облыстық маңызы бар жолдарға 34, көше жолдарына – 59 шығу.
Республикалық маңызы бар жолдардан 781 сынама алынып, оның 22 сынамасы талапқа сәйкес емес болды. Ақаулар бойынша 193 ақау анықталған, оның 59 жойылған, 134 ақауды мердігер мекемелермен жою бойынша жұмыстар атқарылуда.
Облыстық маңызы бар жолдардан 581 сынама алынып, оның 135 сынамасы талапқа сәйкес емес болды. 54 ақау анықталған, оның 37 жойылған.
Көше жолдарынан 312 сынама алынып, оның 132 сынамасы талапқа сәйкес емес болды. 52 ақау анықталған, КРЛ жүйесінде әлі жойылмаған.
Жалпы барлық жолдардан 1674 сынамалар алынған, оның ішінде 1371 сыныма талапқа сай, 289 талапқа сәйкес емес, 14 қайта түзетілген.
Сонымен бірге жалпы 299 ақаулар анықталған, оның 89 жойылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button