АЩЫБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ЖАҢА ӘКІМІ САЙЛАНДЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес,
Ащыбұлақ ауылдық округі сайлаушылары қолдау көрсетіп, Қасымбеков Бахтияр Кеңесұлы Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
Бахтияр Кеңесұлы туралы ақпарат:
Туған жылы: 1993 жыл
Туған жері: Алматы облысы, Іле ауданы, М.Түймебаев ауылы
Білімі:
2015 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын «Аксай Тас — Кум» ЖШС-де кеңсе бөлімінің маманы болып бастады. Әр жылдары:
«КазАвтоТехосмотр» ЖШС – кеңсе бөлімінің басшысы;
«Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі – жетекші маман;
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде – сарапшы;
ҚР Энергетика министрлігі мен Экология министрлігінде – бас сарапшы және басқарма басшысы қызметтерін атқарған.
2019-2023 жылдары ҚР Экология министрлігінің түрлі басшылық лауазымдарында қызмет еткен.
2023 жылдың 15 қарашасынан бастап, Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарған.