Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған шот-фактура жазған 7 ұйымды әшкереледі

Департамент көлеңкелі экономикаға қаражат шығаратын субъектілермен күреске басымдық беріп отыр. Жалған ақша жасаушылар, контрабандашылар және контрафактілік өнім өндірушілер сияқты заңсыз схемалардан тазарту үшін жедел-тергеу әрекеттері іске асырылады.
Бүгінгі күні, өндірісте болған 105 сотқа дейінгі тергеп-тексерудің 62-і Департаменттің өзімен тіркелді, оның ішінде 47-сі жедел-іздестіру шаралары барысында анықталды. 76 тергеу аяқталды, оның 65-і сотқа жолданды, 11-і ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылды. Келтірілген 29 млрд теңге залалдың 23 млрд теңгесі өтелді, соның ішінде 10,4 млрд теңгеге мүлікке тыйым салынды.
Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Әсет Жоламановтың айтуынша, жалған шот-фактура жазумен айналысқан 7 ұйым әшкерелген. Олардың әрекеттері салдарынан мемлекетке 5,3 млрд теңге салық түспеген.
«Қазіргі уақытта «Мемсараптама» РМК-да Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында салынатын екі мектептің жобалау және құрылыс құнын төмендетуге қатысты материалдар қаралуда. Бұл жобаларда 200 млн теңгеге негізсіз жоғары баға белгіленгені анықталды»,-дейді спикер.
Департамент басшысының орынбасары Әсет Жаманбаев келтірген деректердің қатарында мұрағаттық істерді қайта қарау барысында бұрын «Қазақстан қағазы» АҚ-ны басқарған тұлғаның Швейцария банкіндегі 12,5 млрд теңге көлеміндегі қаражаты тәркілені де бар.
«Біздің материалдарымыз негізінде Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитеті бұл қаражатты мемлекет кірісіне аудару бойынша жұмыс жүргізуде»,-деді Әсет Жаманбаев.
Мамандар, әрбір азамат осы үдерістегі өз рөлін түсінуі маңызды екенін алға таратады. Көлеңкелі эконоиканың алдын алудың жолдары көп. Кез келген тұлға экономикалық құқықбұзушылықтармен күреске 1458 сенім телефоны немесе «АФМ Insider» Telegram-боты арқылы белгілі фактілер туралы хабарлай алады.