Қазақстан жаңалықтары

Түнде бірнеше облыста жолда қалған көліктерге көмек көрсетіліп, 39 адам эвакуацияланды — ТЖМ https://kaz.inform.kz/news/aktobe-oblisinda-zholda-turip-kalgan-avtobustan-39-adam-evakuatsiyalandi-0f0c0e/

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бүгін 112 пультіне Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданынан бірнеше шақырым жерде жабық жолда автобус тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен.

— Дереу шақырту орнына жөнелген құтқарушылар автобуста 39 жолаушы бар екенін анықтады. ТЖМ қызметкерлері барлығын Қарабұтақ ауылына эвакуациялады. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ Ақтөбе облысының Хромтау ауданында бірнеше көлік қар құрсауында қалған. Құтқарушылар және ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің қызметкерлері республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» және «Хромтау-Бадамша» тас жолынан 2 жүк көлігін, 1 жеңіл көлікті тазартылған жолға сүйреп шығарды.

Ал Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы «Шұбарқұдық-Ойл-Қобда-Соль-Илецк» және «Самара-Шымкент» 640 шақырым автожолдарында құтқарушылар қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктерді арнайы техниканың көмегімен сүйреп шығарды.

Алға ауданында облыстық маңызы бар «Ақтөбе-Астрахань» автожолының учаскесінде құтқарушылар күшімен үш адам құтқарылды.

БҚО Бәйтерек ауданында, ТЖМ өкілдері «Орал-Саратов» автожолында қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысына көмекке келді.

Осыған дейін Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері 5 балықшыны құтқарғаны туралы жазған едік.

https://kaz.inform.kz/news/aktobe-oblisinda-zholda-turip-kalgan-avtobustan-39-adam-evakuatsiyalandi-0f0c0e/

Басқа жаңалықтар

Back to top button