Отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес: бірлескен күш-жігер қажет

Аудандық аналар кеңесінің төрайымы ретінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес мәселесіне қатысты айтқан пікірімен толық келісемін. Бұл проблема тек қана құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның назарында болуы тиіс. Әрбір азаматтың, әсіресе әйелдер мен балалардың қауіпсіздігі басты назарда тұруы қажет.
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес шаралары тек құқықтық шаралармен шектелмеуі керек. Бұл – әлеуметтік қызметтердің, білім беру, медицина және басқа да салалардың бірігіп жұмыс істейтін күрделі мәселе. Бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз осы проблеманы түбегейлі шешіп, қоғамымызда әділдік пен тыныштық орната аламыз.
Жергілікті деңгейде, әсіресе аналар кеңесінің атынан, біз әрдайым осындай мәселелерге қоғам назарын аударып, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бағытында белсенді жұмыстар жүргізуге дайынбыз.
Іле ауданының аналар кеңесінің төрайымы
М. Жабиева