Алматы облысының жаңалықтары

«TazaLike»: Алматы облысында экологиялық акцияға 25 мыңнан астам адам қатысты

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізудің Жол картасы негізінде ауқымды шаралар жүргізіліп жатыр. Наурыз айының 15-ші жұлдызынан бастап, облыс аумағында «TazaLike» сенбілігі өтіп, 25 мыңнан астам адам қатысты. Бұл туралы Алматы облысы экология департаменті басшысының орынбасары Бахытжан Молдахметов айтты.

Сенбілік нәтижесінде 384 835,5 га жер қоқыстан тазартылып, 1 358 тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Аталған тазалық жұмыстарына 309 бірлік техника жұмылдырылған екен.

«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны облыстағы барлық аудан-қалада өткізіліп келеді. Басты мақсат- заңссыз қоқыс үйінділерін анықтап, оларды жинау, өзен бойын күл-қоқыстан тазарту. Тазалық шарасына 25 338 адам қатысса, оның 9 697-і мемлекеттік қыметкерлер, 1895 ерікті мен 13 746 тұрғын сенбілкті өткізуге өз үлестерін қосты»-,дейді Алматы облысы экология департаменті басшысының орынбасары Бахытжан Молдахметов.

Айта кетейік, экологиялық акция өткізудің Жол картасы негізінде Алматы облысында кешенді бағдарламасы әзірленген.

«Наурыз айының жиырмасынан сәуір айының аяғына дейін 1 ай көлемінде облыста «Таза қала», «Таза кәсіп», «Таза жағалау» сынды экологиялық шаралар іске асырылады. Бұның барлығы Жол картасына сай әзірленген»,-деді Алматы облысы бойынша экологиялық инспектор Асхат Алмабеков.

Басқа жаңалықтар

Back to top button