Алматы облысының жаңалықтары

Сәмен Дәненұлына арналған конкурс өтті

17-сәуір күні, «Батыр бабалар мемориалды» музейінде XVIII ғғ. өмір сүрген атақты батыр Сәмен Дәненұлының320 жылдығына орай «Сәмен Дәненұлы: өмірі және оның заманы» атты тақырыпта Алматы және Жетісу облысы көлемінде мектеп оқушылары арасында конкурс болып өтті. Жыл басынан бері конкурсқа оқушылардан жалпы саны 40-қа жуық мақала келіп түскен болатын. Оларды сараптап-саралай келе, жақсы жазылған 15 мақала іріктеп алынып қорғауға жіберілді. Конкурсқа қатысушы оқушылар – Сәмен Дәненұлының өмірі және оның заманы жайында арнайы дайындаған слайтар мен видеороликтерінің көмегімен ғылыми мақаласын қорғап, өздерінің шығармашылық жолындағы шеберліктерін көрсетті.

Ғылыми және әдеби шығармаларда Сәмен батырға байланысты деректердің сирек кездесетіндігіне қарамастан, кейбір оқушылар Сәмен Дәненұлының Жамбыл ауданындағы туған жерінен бастап – батырдың сүйегі жерленген Жетісу облысының Кербұлақ ауданындағы Жоламан елдімекеніне дейін ғылыми экспедиция ұйымдастырып, көнекөз қариялардан құнды ақпараттар жинақтап, арнайы бейнероликтер түсірген. Сондай-ақ, заманауи «жасанды интелектіні» шебер қолдана отырып, қазақ батырларының өткен тарихы мен бүгінін жалғастырып, анимациялық фильмдер де жасақтап жоғары дайындықпен келгенін көруге болады.

Конкурс жеңімпаздары «Алматы облысы музейлер бірлестігінің» арнайы тағайындаған жүлделі орындармен марапатталып, қаржылай сыйлықтарға ие болды.

Атап айтқанда, конкурста:

Бас жүлдені Жамбыл ауданындағы Еңбекшіарал орта мектебінің 10-сынып оқушысы – Серік Қарақат иеленсе;
1 орындыЖамбыл ауданы, Қарғалы ауылындағы Әбсеметов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Ерланқызы Сымбат;
2 орын (екеу) Жетісу облысы, Кербұлақ ауданындағы, Жоламан орта мектебінің 9-сынып оқушысы Меңдіғожина Айна Адильқызы;
2 орын – Қаскелең қаласындағы Жайлы мектептің 10-сынып оқушысы Амалбекқызы Аиша;
3 орын Қарасай ауданы, Көккөзек ауылындағы Жайлы мектептің 9-сынып оқушысы Төребай Жүсіп Али иеленді.

Сондай-ақ, барлық қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен естелік ретінде статуэткалар  табысталды.

Конкурсқа Қарасай ауданының құрметті азаматы, өлкетанушы – Орынбасар Басарұлы Жанәділ, Ушинский атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Дүйсенбекова Гулнур Уразалиевна және Қаскелең қ. Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Ордаева Зоя Жумабердиевна қазылық етіп, әділ бағасын берді.

Конкурсқа құрметті қонақ ретінде мемлекет және қоғам қайраткері Алик Жатқанбайұлы Шпекбаев, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, суретші Жанұзақ Керімбекұлы Мүсәпір және ҚР Құрметті азаматы, Халықаралық Д. Қонаев қорының вице-Президенті, сазгер Жанботаев Дәулетбек Құрманәліұлы қатысты.

Конкурстың мақсаты – батырларымыздың ерлігін насихаттай отырып, өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу және бір-бірмен ғылымишығармашылық жолында тәжірибие алмасып, білімін шыңдау болды.

«Батыр бабалар мемориалды музейінің» меңгерушісі

Орынбасар Тәлімжанұлы ӘЛІМ

Басқа жаңалықтар

Back to top button