Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

“Алатау Жарық Компаниясы”: кәсібие шеберлік пен еңбек алаңы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған болатын. Бұл бастама аясында еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шаралар қолға алынуда. Соның бірі – 2025 жылғы 19 мамырда Қаскелең қаласында өткен кәсіби шеберлік сайысы.

«AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының «Жастарға жұмыс» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылған бұл жарыс «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның оқу-жаттығу полигонында өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін байқау биыл 6-10/0,4 кВ-тық бөлу тораптарының электр монтерлері бригадалары арасында ұйымдастырылды.

Биылғы сайысқа барлығы 18 бригада қатысып, бес күн бойы кәсіби шеберліктері мен еңбек қауіпсіздігі талаптарын қаншалықты меңгергендерін көрсетеді.

Жарыстың салтанатты ашылуына Қарасай ауданының әкімі Естенов Жасұлан Тоққожаұлы арнайы қатысып, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөліне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыстың бас төрешісі Сағымбеков Жақсылық Берікжанұлы дайындық барысы туралы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Асылов Абай Ноғайұлына баяндап, сайысты ресми түрде бастауға әзір екенін мәлімдеді.

Сайыс ашылуында сөз алған Асылов Абай Ноғайұлы:
*«Шеберлік сайысы – бұл тек жарыс емес. Бұл – тәжірибе, жауапкершілік пен бірлікке құрылған кәсіби алаң. Ал бұл қасиеттер – нағыз энергетиктің басты болмысы»* – деді.

Сонымен қатар, салтанатты шара барысында Қарасай ауданы әкімінің шешімімен энергетика саласындағы сіңірген еңбегі мен өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін Асылов Абай Ноғайұлына «Қарасай ауданының Құрметті азаматы» атағы табысталды.

Кәсіби біліктілікті арттырып, жұмысшы мамандықтарының беделін көтеруге бағытталған мұндай жарыстардың маңызы зор. Бұл – еңбек адамына деген құрметтің айқын көрінісі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button