«Blockchain» технологиясы Мемлекеттік қызмет көрсету жылдамдығын қалай арттырады
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттіккорпорациясы серіктес банктермен бірлесіп«Blockchain» технологиясы арқылы заңдытұлғалардың жылжымайтын мүлік кепілінетіркеу сервисін іске қосты.
Бұл сервис Мемлекеттік корпорация мен екіншідеңгейлі банктер арасындағы ұзақ мерзімдіынтымақтастық аясындағы жобалардың жалғасы.
Заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлкінкепілге қойып, онлайн рәсімдеу арқылы несиеберуді жеңілдету сынды банк саласындағы«Blockchain» технологиясының мүмкіндіктерініңарқасында мәмілелерді тіркеуге жұмсалатын уақытбірнеше есе қысқарады. Нәтижесінде, құжат жинауқажеттілігі мен қызмет алушы мен қызметкөрсетушінің бетпе-бет кездесу талабыныңжойылуының арқасында кепілді тіркеу мерзімі 3 күннен 1 сағатқа қысқарады.
Жалпы Мемлекеттік корпорация мен екіншідеңгейлі банктер арасындағы ынтымақтастықаясында жеке тұлғаларға кепіл түріндегіауыртпалықтарды тіркеу және оны тоқтату, әлеуметтік әлсіз топтарға арналған мемлекеттікбағдарлама бойынша жалдау шартын жасау, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті сатып алу-сатужәне беру шарттарын рәсімдеу секілді қызметтеркөрсетіледі.
2024 жылы «Blockchain» технологиясы арқылықарыз шарты бойынша талап ету құқығын беру, шарт талаптарының өзгеруіне байланыстыауыртпалықтарды өзгерту, сондай-ақ тұрғын емесүй-жайларды кепілге қою шартын тіркеуқызметтері де іске қосылды.
Бүгінгі күнге дейін «Blockchain» технологиясыарқылы 360 мыңнан астам өтінім қарастырылды. Жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтарды тіркеу2024 жылы өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есегеартты, яғни 87,8 мың операциядан 131,7 мыңғадейін өсті.
Жаңа технологияны пайдалану бойыншаАстана, Алматы және Шымкент қалалары, сондай-ақ Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды және Алматы облыстары жоғары белсенділік танытты.
Жаңа сервис «Blockchain» технологиясынқолдану арқылы көрсетілетін қызметтер қатарынкеңейтіп, банктер тарапынан түсетін шарттардыңбарлық ауқымын жылжымайтын мүлікті(ауыртпалық құқықтарын) электронды тіркеугеаудару.