Алтын той — жарты ғасырлық жарасым

Қазақ халқы үшін отбасы – қастерлі құндылық, шаңырақ – қасиетті ұғым. Әрбір әулеттің тарихы, әрбір отбасының бақыты осы шаңырақтан бастау алады. Қазақ халқында «Қырық жыл қырық қазына» деген сөз бар. Ал елу жылдық өмір – алтын қазына. Жарты ғасыр бойы қол ұстасып, өмірдің барлық сынағын бірге көтеру – тек махаббат пен сыйластықтың, сабыр мен төзімнің арқасында ғана болуы мүмкін. Елу жыл – аз уақыт емес. Бұл – бірге өткен жастықтың жалынды күндері, өмірдің тәтті сәттері мен сынақтары, бала тәрбиесі, немере қызығы, жүректе мәңгі сақталатын тарих. Бір шаңырақ астындағы тыныштық пен береке – сол ерлі-зайыптылардың жүрек жылуы мен даналығының көрінісі, сыйластық пен мейірімнің жемісі. Бүгінгі біздің кейіпкерлеріміз Әли ауылының тұрғындары 49жыл бойы еңбек жолын ауылда өтеп, ауыл шаруашылығының дамуына үлесін қосып,агроном қызметін атқарған ақсақалымыз Юрий Магаймен әжеміз Клара Ким туралы болмақ. Агроном болған адамның өмірі – еңбек пен табандылықтың көрінісі. Осындай еңбектің қадірін білетін Юрий мырза – қарапайым болса да, биік тұлға. Себебі елдің ырысын еселеп, халықтың дастарқанының тоқ болуына үлес қосу – ең ұлы ерліктің бірі. Юрий ақсақалымыз — агроном ғана емес, ұрпаққа үлгі болатын тұлға. Оның маңдай терімен өсірген егіндері – халықтың ырысы, ал еңбегі – ел тарихының бір парағы. Ауылдың алтын шаңырақ иелері 54 бойы бірліктің туын биік көтеріп, ұрпаққа үлгі болып, немере-шөбере сүйіп, еңбек жолында қызмет жасаған отбасы. «Шаңырағың шайқалмасын, босағаң берік болсын» деген қазақтың батасы осы әулетке арналғандай. Себебі, олардың алтын шаңырағы тек өздеріне ғана емес, бүкіл әулетке жылулық сыйлап, бірліктің киелі ордасына айналды.Құт-береке дарыған алтын шаңырақтарыңыз мәңгі биік болып, шаттық пен қуанышқа тола берсін.
Бүгінгі күнде алтын шаңыраққа айналған әрбіротбасы – тек ерлі-зайыпты ғана емес, тұтас әулеттің тірегі, ұрпаққа үлгі боларлық өмір мектебі, ұлттыңмықты діңгегі. Осындай үлгі тұтар шаңырақтарымызкөбейсе, ел іргесі берік, ұрпақтың болашағы жарқын болары анық.
Авторы Отбасын қолдау орталығы, Құрылымдық бөлімше басшысы Енсепбаева Жанат Шынбергеновна



