Реформалардың мәні – 4: Қуатты өңірлер – қуатты ұлт

Елімізде қазір іске асырылып жатқан реформаларөзінің ауқымдылығымен ерекшеленеді. Шынмәнінде, қысқа мерзімде олар экономика мен саясаттан бастап бірегейлік мәселелеріне дейінгіұлттық мүддені көздейтін барлық саланы қамтыпүлгерді. Дегенмен әрбір жалпыұлттық реформаныңмазмұнымен қатар, жүзеге асырылатын кеңістігі, яғни нақты орны болатыны белгілі. Ол орын – біртұтас елді құрайтын өңірлер екені анық. Себебіқолға алған реформалар қала мен ауылда тұратынхалықтың мүддесі үшін, солардың күш-жігеріменөңірлерде жүргізіледі. Сондықтан Мемлекетбасшысы жариялаған «Қуатты өңірлер – қуаттыұлт» қағидаты Қазақстан өзінің даму жолындатабан тірейтін негіз болды және солай болып қалабереді.
БІРЕГЕЙЛІГІМІЗДІҢ ӨЗЕГІ
Бұған дейінгі мақаламызда жаңғырған ұлттықбірегейлік Әділетті Қазақстанның негізгі өзегінежәне қазіргі дағдарыс кезеңінде өзгерістерге серпінберетін қуат көзіне айналуы керек екенін айтқанедік. Бұл ретте ұлттық бірегейлік дегеніміз абстрактілі ұғым емес екенін айта кеткен жөн. Ол мыңдаған сағасы бар үлкен өзен сияқты, яғнибойына ойлай білетін, жоспар құратын, бала тәрбиелейтін, еліміздің әр түпкірінде тұрып, жұмысістейтін адамдардың нақты ойын, арман-тілегін, тәжірибесі мен мінез-құлқын өзіне сіңіреді.
…Жалпы, біздің жеке бірегейлігіміз жас күнімізденқалыптасады. Оның негізі күнделікті күйбең тіршілікте жанға жылу сыйлайтын жарқын сәттерденқұралады. Дәл осы бала шақта алған әсерлеркейінгі өмір жолымызға сәуле түсіріп, тұлға ретіндеқалыптасуымызға ықпал етеді.
Мен жазғы демалысымды көбіне Алтай тауыныңбөктеріндегі Алмасай ауылында, нағашы жұртымдаөткізетін едім. Күнде кешкісін өрістен қайтқанмалды жайғап болған соң ауладағы ошаққа от жағылатын. Нағашы әжем ас әзірлеп, бәріміз дастарқан басына жиналушы едік. Кешкі астан кейінмаздап жанған отты айнала отырып, ымыртүйірілген шаққа дейін әжеміздің әңгімесін тыңдайтынбыз. Ол кісі әңгіме айтудың шебері еді. Әсіресе, батырлар жыры, хикаяға толы дастандар, Қажымұқан балуан жайындағы деректер және ел басына күн туған қиын-қыстау кезең туралыоқиғалар есімде қалыпты. Шынтуайтына келгенде, әжемнің сол әңгімелерінен алған тағылым өмірліказық болды десем, артық емес. Сол кездегіжұлдызды түн, таудан ескен самал, жалындапжанған алау есімнен бір сәтке де шыққан емес. Тіпті, әжемнің өткен өмір, ата-бабамыздың ерлігі, аласапыран жылдар туралы айтқан әңгімелері мен жұмсақ даусы да әлі күнге дейін жадымда жаңғырып тұр.
Кемелденген шаққа жеткен қазіргі кезеңнен кейінгіуақытқа зер салар болсам, тұлға ретіндеқалыптасуыма әсер еткен көп оқиғаның арасынанауылда өткізген сол күндер мен түндеріммұхиттағы арал секілді ерекшеленіп тұрады. Олар– мені халқымның жан дүниесімен жалғап тұрғанжәне бала күнімнің ең аяулы сәттерін көз алдымаәкелетін сағынышқа толы естеліктер.
…Кең-байтақ даламыздың әр бұрышындағы ауылмен қалашық жай ғана «елді мекен» емес. Олар – біздің бірегейлігіміздің өзегі. Себебі жаһандықоқиғалармен қарбаласып жатқан орталықтанжырақта орналасқан дәл осы жерлерде ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ұлттық код пен елдік қуат сақталған.
Ұлттық ерекшелігіміз де сол жерден тамыртартады. Салтымыз бен ғұрпымыз, түптепкелгенде, даму бағдарымыз да ауылдан бастауалады. Ауыл – қазақы бірегейліктің қайнар көзі мен берік қамалы. Бұл жерде ұлттық рух тарихтың бірбөлшегіне айналмай, күнделікті тұрмыста көріністауып, елмен бірге жасап келеді.
Сондықтан халқымыздың мәдени және адамгершілік коды сақталған ауылмен байланыс бар кезде біз ұлт ретінде нығайып, ілгері жылжибереміз деп толық сеніммен айта аламыз.
Ал егер ауылды, ондағы тыныс-тіршіліктіжоғалтатын болсақ, ұлттық рухпен арадағы нәзікбайланысты да үземіз. ПрезидентімізҚасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ауылдыдамытуға, елді мекенде өмір сүру деңгейінжақсартуға, аймақтардың әлеуетін барынша ашуғажәне облыстар мен аудан тұрғындарын елдегі саясижәне экономикалық жобаларға белсенді түрдетартуға бағытталған реформаларының мәніосындай ұстанымға табан тірейді.
СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН ПРОБЛЕМАЛАР
Қазақстан әуел бастан-ақ қатаң орталықтандырылған басқару формасы бар біртұтас мемлекетретінде қалыптасты. Тәуелсіздіктің алғашқыжылдарындағы ахуал соны талап еткені белгілі. Өйткені жаңа ғана пайда болған елді номиналдытүрде бекіткен қағаз жүзіндегі әкімшілік-құқықтықшешімдерге қауіп төндірген күштерді тоқтатуқажет еді. Ол күштердің арасында сол кездежергілікті сепаратизм ретінде танылғандар мен элиталық қысым да болды. Сондай-ақ тәуелсіздігіненді ғана алған мемлекетіміздің бұған дейін КеңесОдағында транзиттік және шикізаттық ел ғанаболып келгенінің де салдары айтарлықтайбайқалып жатты.
Біз сөзбен айтқанда, қанаты қатая қоймағанмемлекет пен жаңадан қалыптасып жатқан дербесэкономикаға әлемнің саяси картасында әлсізконтурмен ғана бедерленген елдің іргесін бекемдейтүсетін, жұмыс істейтін институттары мен шешімқабылдайтын біртұтас вертикалі бар қуатты орталықтандырылған мемлекеттік жүйе қажет болды. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтыңшешімдері мен саясаты да осыған бағытталғанболатын.
Алайда өткен отыз жыл ішінде аяғына нық тұрғанҚазақстан осы қатаң жүйемен біте қайнасып кетті. Тіпті, бұл жол тарихи рөлін атқарып қана қоймай, жаңа үрдістерге, жылдар бойы қалыптасқан өңірлікерекшеліктерге сай алға жылжуға мүмкіндікбермей, дамуға кедергі келтіре бастады. Шамадантыс орталықтандыру мен жергілікті ерекшеліктердіелемеуден туындаған теңгерімсіздік 2010 жылдарды аяғында экономикалық проблемалар мен әлеуметтік сын-қатер тудыра бастады. Соның салдарынан жоғары мінберлерде айтылып жүргентұрақтылыққа қауіп төндірген жаңа шындық пайдаболды.
Жаңа шындықтың басты ерекшелігі – өңірлерарасындағы экономикалық даму деңгейлеріндегітеңгерімнің болмауы, яғни тұрғындардың өмірі мен әл-ауқатындағы алшақтық.
Жан басына шаққандағы өңірлік жалпы өнім(ӨЖӨ) ресурстарға бай еліміздің батысындағыөңірлер мен оңтүстік және солтүстік аймақтардағыаграрлық облыстар арасында айтарлықтай алшақболды. Егер Атырау облысында жан басына шаққандағы ӨЖӨ 21 млн теңгеден асса, Түркістаноблысында бұл көрсеткіш 2 млн теңге шамасындаболды, яғни алшақтық 10 есеге дейін жетті.
Мұнай мен газға бағдарланған батыс аймақтарелдің ІЖӨ-сіне айтарлықтай үлес қосты, ал оңтүстік, солтүстік және шығыс экономиканыңәлсіз әртараптандырылуына байланысты тоқырауғаұшырады. Мұндай жағдай артта қалғаноблыстарды «даму тұзағына» түсіріп, төменөнімділік салдарынан кедейлік пен жосықсыз көші-қон одан әрі үдей түсті.
Өңірлердің басым бөлігінің экономиканың бір-екісекторына ғана тәуелді болуы теңгерімсіздіксебептерінің бірі екені анық. Бұл ахуал әлемдікбағалар құбылып тұрған шақта оларды одан әріәлсіретті. Өңірлердің шикізатқа немесесубсидияланатын аграрлық секторға байланғанэкономикасын әртараптандырудың төмен деңгейішикізаттан басқа саланың өсуіне тұсау болды. Қаржыландырудың жеткіліксіз және өткізунарықтарына қолжетімділіктің шектеулі болуышағын және орта бизнесті ынталандыруға керіәсерін тигізді. Бұл әлеуметтік проблемаларды шиеленістіре түсті. Осыған байланысты табыс төмендеп, кедейлік деңгейі жоғарылап, жастар іріқалаларға ағылды.
Өңірлік билік те салықтық базаны ұлғайтуғамүдделі болмай, негізінен орталықтан берілетінсубсидияларға қарап қалды.
Осы жерден тағы бір проблема туындады. Ол – инвестициялардың біркелкі болмауы жәнеөңірлердің бюджетке тәуелділігі. Инвестициялар – елордаға, ірі қалаларға және өндіруші аймақтарғашоғырланып, кейбір өңірлер назардан тыс қалды. Салдарынан экономикалық және әлеуметтікалшақтық ұлғайды. Ресурс теңсіздігінің әсеріненөңірлер донорлар мен республикалық бюджеттенберілетін субвенцияларға тәуелді реципиенттерболып бөлінді.
Бұл жағдай орталыққа барынша тәуелді болыпотырған аймақтардың басқару дербестігін жәнеэкономикалық өзін-өзі қамтамасыз етуін әлсіретті. Соның салдарынан жергілікті жерлерде бастамаларазайып, әр облыстың ерекшелігі мен табиғиартықшылықтарына байланысты даму әлеуетітөмендеп кетті.
Еліміздің территориясы кең болғанымен халықтығыздығы төмен екені белгілі. Осындай жағдайдаинфрақұрылымның дамымауы да үлкен кедергіболды. Бұл, ең алдымен, көлік байланысынақатысты еді. Жолдардың саны мен сапасыөңірлердің экономикалық интеграциясында, саудамен туризмде және қарапайым қатынаста қиындықтудырды.
Дүниежүзілік экономикалық форум сарапшыларының есептеріне сәйкес Қазақстан 2020 жылдардың басында жол инфрақұрылымыныңсапасы жағынан 119 елдің ішінде 90-орын алған.
Цифрлық алшақтық та тағы бір инфрақұрылымдықсын-қатерге айналды. Жылдамдығы жоғарыинтернеттің қолжетімсіз болуы себепті шалғайжерлерде цифрлық мемлекеттік қызметтерді алу іріқалаларға қарағанда әлдеқайда қиын еді.
Экономикалық теңгерімсіздікпен бірге әлеуметтіксалада және өмір сүру, әсіресе, ауылдағы өмір сүрусапасы бойынша теңгерімсіздік артты. Білім беру мен денсаулық сақтау қызметіне қол жеткізудегіалшақтық та айтарлықтай ұлғайды. Ауылдық жәнеоңтүстік аудандарда кедейлік деңгейі өсіп, 2010 жылдардың аяғында халықтың 12 пайызын қамтыды. Ал ірі мегаполистерде бұл көрсеткіш 5 пайызға тең болатын.
Жалпы, экономикалық, қаржылық, адами жәнеинфрақұрылымдық белсенділік екі ірі қала Астана мен Алматыда шоғырланды. Мұндай жағдай осы қалалар мен елдің басқа өңірлері арасында өмірсүру деңгейі, мүмкіндіктер, көрсетілетін қызметтерсапасы бойынша орасан зор алшақтық тудырды.
Соның салдарынан демографиялық және көші-қонмәселелері ушықты. Жастар білім, жұмыс іздепжәне өмір сүру деңгейін арттыру үшін ауылдарданқалаларға, облыс орталықтарынан мегаполистергеағылды. Нәтижесінде, миллионнан астам тұрғыныбар қалаларда көші-қон көрсеткіші бұрынғыдан да арта түсті. Мәселен, кейінгі жылдары Астана халқының саны 250-300 мың адамға көбейген. Осығанорай бүгінде халқының саны ресми түрде 1,5 миллион болып саналатын елорданыңинфрақұрылымы күн сайын 2 миллионға жуықадамға қызмет көрсетуге мәжбүр.
Солтүстік аймақтар халықтың үдере көшуінензардап шекті. Бұл демографияны, әлеуметтікинфрақұрылымды және экономикалық әлеуеттіәлсіретті. Ал жер мен судың тапшылығы сезілетін, халық тығыз қоныстанған оңтүстікте туу деңгейіжоғары көрсеткішке жетіп, әлеуметтік шиеленіскүшейді.
Өңірлердің дамуындағы проблемалар мен сын-қатерлер бір-бірін одан әрі ушықтырып, 30 жылішінде қарама-қайшы жүйеге айналды. Сондықтаншегіне жеткен жекелеген мәселелердібасқаларынан бөлек шешу әрекеттері тұрақтынәтиже бермеді.
Сол себепті өңірлерді дамытудағы нақты жүйелітәсіл Президентіміз Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаевтың реформаторлық күн тәртібіндегімаңызды тармақтардың біріне айналды.
Басты қағидат: ондаған жыл бойы қордаланғанпроблемалардың тамырына бірден балта шаппай, ширатылған жіпті біртіндеп тарқату еді. Бұл – өртсөндіргендей, қас-қағым сәтте нәтиже беретіндағдарыс-менеджмент емес, барлық деңгейде бүкілпроблеманы түп-тамырымен жоятын берік негіздіжүйе құру деген сөз. Алысты көздеп, есептепжасалған жүйелілік, ауқымдылық және кезеңділікПрезидент Тоқаевтың өңірлік реформасының үшалтын қазығы болды.
ЖҮЙЕЛІ ТӘСІЛ
Осы мақаланы жазған кезде Әділетті Қазақстанқұрудың барлық жеті жылы ішіндегі әрбір бағыт, әрбір қадам, қойылған әрбір міндет әрдайымконцептуалды көзқарас пен жүйелі жоспарлауғатабан тірейтініне көз жеткіздім. Алдымен – тұжырымдама, жоспар, бағдарлама; содан кейін – түзету, нәтиже. Бұл тәсілді салалық жобаларға да, өңірлерді жалпы кешенді дамытуға да бірдейқолдануға болады.
Мемлекет басшысы 2020 жылдың қыркүйегінде-ақжүйелі реформаларды қолға алып, теңгерімдіаумақтық дамуды міндет етіп белгіледі. Бұл бағытмемлекеттік басқарудың жаңа моделі мен жаһандық сын-қатер жағдайындағы экономикалықбағдардан кейін бірден бірінші кезектегі аса маңызды үш мәселені қамтиды.
Президентіміз бұл жерде жекелеген проблемалардыкөрсетіп қана қоймай, елдің аумақтық жәнекеңістіктік дамуындағы тәсілдерді барынша қайтақұру қажет екенін атап көрсетеді. Мемлекетбасшысы экономикалық және мемлекеттікқызметтердің сапасы мен өмір сүру деңгейініңалшақтығы жағынан аймақтардыңайырмашылықтарын мойындай отырып, өңірліксаясаттағы жаңа тәсілдің негізгі элементінайқындап берді. Ол – аумақтық дамуды Қазақстанөңірлерінің бәсекелестік артықшылықтарын ескереотырып құру.
Бұдан басқа, өңірді дамытудағы жаңа тәсілбасқарылатын урбанизация мүмкіндіктерін ашты, «көші-қон легінің» кезеңділігіне жағдай жасады. Бұл қадам ірі қалаларда халықтың тым көбеюінежол бермеуге, әлеуметтік шиеленісті болдырмауғаықпал етті. Сонымен бірге ауылдың әлеуетін толықашу стратегиялық маңызды міндет ретінде жарияланды.
Бір жылдан кейін, яғни 2021 жылы бұл тәсілдер«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдаудатолықтырылды. Мұнда өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы теңгерімсіздіктітөмендетуге баса мән берілді. Бұдан басқа, Қасым-Жомарт Кемелұлы әкімдердің жергіліктібизнесті дамытуға мүдделі болуымен, инвестициялар ағыны мен салықтық базаныұлғайтумен қатар жүретін өңірлердің қаржылықдербестігін арттыру мәселесін көтерді.
Мемлекет басшысы урбанизацияның орнықтытрендін ескере отырып, Агломерацияларды дамытутуралы заң әзірлеуді тапсырды. Ол 2023 жылғықаңтарда қабылданды. Президентіміз миллион тұрғыны бар қалалар жаһандық бәсекеге дегенқабілеттің негізіне, ал облыс орталықтарыөңірлердің өсу нүктесіне айналуы керек екенін атапкөрсетті. Бұл ретте моноқалалардың одан әрідамуына қатысты ойластырылған шешімдер қажетекені анық.
Елдің «ішкі байланысын» жақсарту үшінорталықты өңірлермен жалғайтын бірыңғай көлікжелісін қалыптастыруды аяқтау және әрбір облысүшін инфрақұрылымдық даму бағдарламаларыніске қосу тапсырылды.
Мемлекет басшысы осы тәсілдерді 2022 жылғыақпанда өзінің Жарлығымен қабылданған 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспарында бекітудітапсырды. Жоспар өңірлерді кешенді дамытуға, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеруге, мүмкіндіктерді ашуға және әрбір өңірдің бәсекедегіартықшылығын ескере отырып, жаңа «өсу нүктелерін» қамтамасыз етуге бағытталды.
Аумақтық даму жоспары 30 жыл ішінде қалыптасқан теңгерімсіздікті жоюға бағытталғанөңірлік реформалардың жалпы бағытынайқындаған маңызды стратегиялық бағдар болды. Жоспарды іске асырған жылдарда Қазақстан халқы780 мың адамға көбейіп, 19,5 миллионнан 20,3 миллионға жетті. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 70,4 жастан 75,4 жасқа дейін, урбанизация деңгейі2020 жылғы 59 пайыздан 2025 жылы 63 пайызғадейін ұлғайды. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 9,1 мың АҚШ долларынан 14,7 мың АҚШ долларынадейін өсті.
2025 жылғы тамызда Жоспардың орнына тыңтәжірибе мен осы уақытта қалыптасқан жағдайдыескере отырып, 2030 жылға дейінгі Қазақстанныңөңірді дамыту тұжырымдамасы қабылданды.
ОРТАЛЫҚСЫЗДАНДЫРУ
Президенттің орталықтан бөліп шығаруға жәнеөңірлерге барынша дербестік беруге арналғанбағдары реформалардың негізгі, тіпті мәні жағынанең революциялық бағытына айналды. Тарихымыздаалғаш рет орталық билік өкілеттіктермен бөлісужәне басқару тетіктерін экономикалық жағынанғана емес, саяси тұрғыдан да өңірлердің қолынаберу жөнінде шешім қабылдады.
Шала шешімдер қабылдамау үшін революция эволюциялық жолмен іске асырылатыны белгілі. 2021 жылғы шілдеден бастап ауыл, кент жәнеауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау бойыншапилоттық жоба басталды. Нәтижесінде, 2023 жылғы тамызға дейін 1 668 әкім сайланды, олардың 57 пайызы негізінен қырықтың қырқасынашыққан жаңа есімдер болды. Атап айтқанда, оларсол жердегі мәселелерді жақсы білетін мұғалімдермен дәрігерлер, фермерлер мен кәсіпкерлер жәнекәсіпорын басшылары еді.
Келесі кезеңде, 2023 жылғы қарашада 42 аудандажәне 3 өңірлік маңызы бар қалада аудан және қалаәкімдерінің пилоттық сайлауы өтті. Дауысберушілердің 63 пайызы қатысқан сол қызунауқанды көпшілік ұмытпаған да болар. Себебі олкезде бұрын-соңды болмаған белсенділік байқалып, сайлауға түсуге 250-ге жуық адам өтініш бергенболатын.
Пилоттық сайлау өзінің тиімді екенін көрсетті жәнебүкіл ел бойынша аудан әкімдерін сайлау процесінөткізуге түрткі болды. 2025 жылға қарай ауданәкімдері 100 пайыз өз жерінен сайланатын болды. Оның ауқымы одан әрі де тереңдей түспек. Мемлекет басшысы 2024 жылғы Жолдауында 2025 жылдан бастап облыстық маңызы бар қалаәкімдерін тікелей сайлау жүйесіне көшу туралытүбегейлі шешімді жариялады. Жаңа жүйе бойынша алғашқы сайлау биылғы қазанда Семейде өтті.
«Кім сайласа, соның алдында есеп беру» дегенұмытылған, тіпті таныс емес қағидат өңірлердеалғашқы қадамын жасады. Бұл өз кезегіндеҚазақстанның ілгерілеуіне тың серпін болмақ.
Алайда бюджеттік қатынастардың біржақтыжүйесінің тежеуі салдарынан өңірлердің өзін-өзіқамтамасыз етуінің негізгі тірегі – қаржыны бірорталыққа шоғырландырмау әлі күнге дейін қарқынала алмай келеді.
Иә, 2019 жылдан бастап аймақ бюджеттерінетүскен салық 2,4 трлн теңгеден 2024 жылы 7,4 трлн теңгеге дейін үш есе өсті. Дегенмен республикалықбюджеттен субвенциялар да осындай қарқынменұлғайып, 2024 жылы 5,3 трлн теңгеге жетті. Ал нысаналы трансферттермен бірге олар жергіліктібюджеттердің кіріс бөлігінің 7,3 трлн теңгесінқұрады.
Орташа алғанда, ел бойынша өңірлердің орталыққатәуелділігі шамамен 50, ал кей жерлерде 70 пайыздан асты. Бұл ретте өңірлердің өз кірісі 17-23 пайыздан аспайды. Жағдай тығырыққа тірелді: бюджетке масыл болғаны үшін ешкім жауапбермейді. Еш қиналмай кепілдендірілгентрансферттерді алып отырған өңірлергеэкономикалық тәуелсіздік алу үшін жанталасудыңтіптен керегі жоқ.
Осы тығырықтан шығу үшін Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда, бір жағынан, өңірлердің бюджеттік дербестігін ынталандыруға, екінші жағынан, олардың жауапкершілігінкүшейтуге бағытталған бюджетаралыққатынастарды ауқымды өзгерту іске асырылыпжатыр. Өзгерістердің бір бөлігі жаңа Бюджет кодексіне де енгізілді. Реформалар бюджет деңгейлері арасында трансферттерді бөлу жүйесінқайта құруға арналған.
Енді, 2026 жылдан бастап республикалық бюджеттен бөлінетін жалпы сипаттағы трансферттерөңірлік стандарттар жүйесінің (ӨСЖ) көрсеткіштеріне байланысты болады. Өңірлер осы қаражат шеңберінде әлеуметтік нысандарды, көлікті, жолдарды, коммуникацияларды, тұрмыстық қызмет көрсетуді және демалысты қосаалғанда, инфрақұрылымды 12 бағытта теңестіругеміндеттеледі. Бұл ретте әлсіз дамыған өңірлерорташа көрсеткіштерге жету үшін көбірек қаржыалады. Жаңа тәсіл бюджетті ұтымды бөлуменқатар, өңірлер арасында және өңірлер ішінде инфрақұрылымға қол жеткізудегі алшақтықтыазайтады. Сондай-ақ елді мекендерді дамытудытиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Өңірдегі бағдарламаларды іске асыруға берілетінмақсатты трансферттерге келетін болсақ, мұндажоғары әлеуметтік-экономикалық әсер беретін, құны айтарлықтай деңгейдегі аса маңыздынысандар мен ұлттық мәнге ие жобаларды ғанақаржыландыру сақталады. Базалықинфрақұрылымды дамыту жөніндегі өңірлікжобалар (сумен қамтамасыз ету, газдандыру, жолдарды жөндеу, ТКШ және т.б.) енді өңірлердіңүш жылдық инвестиция жоспарына енгізіледі жәнежергілікті бюджет есебінен немесе ӨСЖ көрсеткіштеріне байланысты жалпы сипаттағытрансферттер арқылы жабылады.
Реформалардың тағы бір мақсаты – жергіліктібюджеттердің кірісін көбейту. Сол үшін бизнестентүсетін салықтардың көп бөлігін өңірлердеқалдыру жоспарда бар. Бұған дейін ұзақ уақытбойы аудан әкімдерінің өз бюджеті болмағаны жәнеолардың облысқа толықтай тәуелді болғаны белгілі. Енді жаңа Бюджет кодексі бойынша шағын жәнеорта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығыаудандық бюджеттерге беріледі. Бұл мәселе жекетабыс салығына да қатысты екенін атап өткен жөн. Мұндай шара аудан әкімдіктерінің қаржылықмүмкіндіктерін нығайтады. Облыстардыңкірістерінің 70 пайызы аудандық бюджеттерге жәнеоблыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінешоғырланатын болады. Бұл әкімдерді кіріс базасынұлғайтуға ынталандырады.
Жаңа Бюджет кодексіне өңірдің салық әлеуеті жаңакөрсеткіш ретінде енгізілді. Ол жергіліктіоргандарды өз кірісінің өсуіне ынталандыруға тиіс. Бұл ретте сәтсіз кіріс жоспары үшін биліктің әрбірдеңгейі жеке-жеке жауапкершілік арқалайды.
Осы ауқымды реформалардың нәтижесінде алдағыүш жылда өңірлердің қаржылық дербестігіайтарлықтай өседі деген сенім бар. Жергіліктібюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігіорта есеппен 50,7 пайыздан 33 пайызға дейінтөмендейді. Ал өңірлердің кірісі 2026 жылғы 10,7 трлн теңгеден 2028 жылы 13,3 трлн теңгеге дейін, яғни 24,3 пайызға артады.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтыңбір орталықтан алшақтатуға бағытталғанреформалары бір реттік науқан емес, ол – Қазақстанның бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінжан-жақты трансформациялауды көздейтін қадам. Қазірдің өзінде бюджетаралық салада нақты, шамалаған нәтижелерге қол жеткізе бастадық. Әрине, реформа дегеніміз – процесс. Десе де, бұлжолдағы өзгерістердің бағыты айқын белгіленген, яғни ол – бір орталыққа қатаң бағынған модельденнақты қаржылай тәуелсіз, өз дамуына өзі жауапберетін өңірлер моделіне дейінгі ауқымды үдеріс.
ЕЛДІҢ ҚАН АЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІ
Ел, мемлекет дегеніміз жекелеген өңірлер мен әкімшілік бірліктердің механикалық жиынтығыемес. Ол – біртұтас тірі ағза және оның жалпыөркендеуі әрбір органы мен жасушасыныңдамуына, әл-ауқатына байланысты болады. Ағзаөмір сүріп, жетілуі үшін қан айналым жүйесі – заманауи инфрақұрылым, сапалы автомобиль жолдары мен теміржолдар қажет. Олар, біріншіден, адамдар мен тауарлардың еркін қозғалысынқамтамасыз ете отырып, елдің өңірлерін біртұтасжүйеге біріктіреді, екіншіден, құн жасаудыңжаһандық тізбегіне кірігуіне жағдай жасайды.
Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында еліміздегі жалпықолданыстағы көлік желісі КСРО-дан мұра болыпқалған 14,5 мың шақырым теміржол мен 86,8 мыңшақырым автомобиль жолы болды. Алайда оларбұрынғы саяси-экономикалық жүйенің мүддесінесай салынғандықтан, басты магистральдармеридиан бағытымен орналасқан еді. СондықтанҚазақстанның өңірлері арасындағы ішкі байланысдамымай қалды. Сонымен қатар 90-жылдары жаңадан құрылған ел енді еңсесін тіктеп, өмір сүру үшінкүресіп жатқанда, ескірген технологияменсалынған жүздеген шақырым жолға тиісті күтімжасалмай, біртіндеп жарамсыз бола бастады. Жаңакөлік артерияларын салу қарқыны экономиканыңөсіп келе жатқан қажеттіліктеріне ілесе алмады.
Өңірлерді жаңа және жөнделген жолдар желісіменбайланыстыру міндеті біртіндеп шешілді, бірақолардың саны мен сапасы халық пен экономиканыңқажеттіліктерін қанағаттандырмады. Көлік инфрақұрылымының лайықты деңгейі туралы берілгенкөптеген уәде, өкінішке қарай, тек сөз жүзінде немесе есептердегі цифрлар күйінде қалды.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың реформаларыэкономикалық өсу мен әлеуметтік тұрақтылықтыңмаңызды факторы ретінде өңірлердің теңгерімдідамуы мен интеграциясына, елдің бірыңғай, тиімдікөлік жүйесін құруға баса назар аудара отырып, бұлбағыттағы жұмысқа жаңа серпін берді. Әлемдегітоғызыншы елдің ауқымды территориясын ескереотырып, өңірлердің көліктік байланысыпрезиденттік саясат басымдықтарының бірінеайналды.
Автомобиль жолдары саласында кейінгі алтыжылда Орталық – Шығыс, Орталық – Оңтүстік, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Атырау – Астрахань және басқа да негізгі көлік дәліздерінқоса алғанда, республикалық маңызы бар 4,4 мыңшақырымнан астам жол қайта жаңартылды. 2025 жылы жол құрылысы, қайта жаңарту және жөндеужұмыстары 13 мың шақырымды қамтыды.
Президент тапсырмасымен қазір жалпы ұзындығы890 шақырым болатын «Астана – Ырғыз» жаңаавтомагистралін салу жұмысы басталып жатыр. Бұл жол Қорғас орта дәлізі мен Каспий теңізіндегіпорттардың арасын жалғап, өңірлер байланысыныңмаңызды тетігіне айналады. Жалпы, 2030 жылғадейін жаңа автожолдардың ұзындығы 4,7 мыңшақырымға жетеді. Оның 3,7 мың шақырымы І санаттағы жол екенін айта кеткен абзал.
Егер 2010 жылдан 2019 жылға дейін қатты жабыныбар жалпыға ортақ автомобиль жолдарыныңұзындығы 1,3 пайызға қысқарса, 2019-дан 2024 жылға дейін ол 2,5 мың шақырымға немесешамамен 3 пайызға ұлғайды. Осы орайда бұл жайғана жолдар емес, ол елдің барлық ағзасынбайланыстыратын толыққанды қан айналым жүйесіекенін айта кету керек.
Қазақстанның кең-байтақ аумағын байланыстыруүшін дәстүрлі түрде жүк тасымалының бастыарнасы саналатын теміржолдар аса маңызды. Дегенмен 2010 жылдардың соңына қарай теміржолжелілерінің жалпы ұзындығы 16 мың шақырымболды және олардың тозу деңгейі 57 пайызға жетті. Осыған байланысты 2029 жылға дейін 5 мың шақырым жолды салу және жаңғырту, 11 мыңшақырымын жөндеу жоспарлануда. Бұл теміржолжелісінің негізгі учаскелерінің өткізу қабілетінеселеп көбейтеді, пойыз қозғалысыныңжылдамдығы мен қауіпсіздігін арттырады.
2025 жылғы 30 қыркүйекте Мемлекет басшысыұзындығы 836 шақырым болатын «Достық – Мойынты» теміржол учаскесінің екінші желісініске қосты. Ол Қытаймен екі теміржол шекараөткелінің бірі Алашаңқайға шығуға мүмкіндікбереді. Осы ірі инфрақұрылымдық жоба өткізуқабілетін бес есе арттыруға және жүктердің өтуін42 пайызға жеделдетуге мүмкіндік береді. БұлҚазақстанды Еуропа-Қытай көлік дәлізінің негізгібуынына айналдырады.
Жақын арада Алматы айналма теміржолыныңқұрылысы аяқталады, ал 2027 жылға қарай Дарбаза– Мақтарал тармағы іске қосылмақ. Бұл жобаларелдің транзиттік әлеуетін арттырумен қатар, өңірлердің жаңа өсу нүктесіне айналады. Соныменқатар өңірлердің жеткізу тізбегіне қосылуына мүмкіндік береді.
Көлік әлеуетін тиімді іске асыру локомотив пен вагон паркін жаңартуды талап етеді. Қазір 2 мыңғажуық локомотив және 142 мыңға жуық жүк вагоны пайдаланылып келеді. 2029 жылға дейін 450-ден астам жаңа локомотив пен 7 мың вагондыпайдалануға беру жоспарда бар. Бұл тұрғыдаПрезиденттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп арасындағы уағдаластық бойынша америкалық локомотивтерді беруге және оларға қызметкөрсетуге арналған біздің тарихымыздағы АҚШ-пен арадағы ең ірі келісімшарт дер кезіндежасалған қадам болды. Америкалық көшбасшыкелісімді тарихи деп атады: келісім үздіксипаттамалары бар 300 жүк локомотивінҚазақстанда өндіруді көздейді. АҚШ-тың саудаминистрі Говард Латник бұл мәміле Еуропа мен Азия арасындағы көлік дәлізінің жалпы дамуынаықпал ететінін атап өтті.
Еліміз арқылы шығыстан батысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай өтетін трансқұрлықтықдәліздердің әлеуеттері өте зор. Қазақстан арқылытранзиттік ағын соңғы 10 жылда екі есеге артып, 27,4 млн тоннаға жетті, ал 2029 жылға қарай оны 67 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарда бар. Халықаралық логистикалық маршруттар өңірлердідаму үшін де маңызды. Қазірдің өзінде біз өңірлерде әлемдік деңгейдегі жаңа қойма терминалдарының ашылып жатқанын көріп отырмыз. Бұл – инфрақұрылымның өзгеше, жаңа деңгейі. Сондай-ақ облыстар мен аудандардың тұрғындарысезінетін «үлкен әлем тынысы».
Осы тұста бірнеше облыс арқылы екі тармақпен – Оңтүстік және Орталық Қазақстан арқылы Каспий жағалауындағы порттарға дейін өтетін Транскаспийхалықаралық көлік бағытының маңызы зор. Мұхитқа шығу мүмкіндігі жоқ еліміз үшін бұл – «ұлы дала теңізі» арқылы өтетін мұхитаралықбағыттың баламасы. Бір кездері осы аумақтардыңдамуына серпін берген, Шығыс пен Батысты байланыстырған Ұлы Жібек жолы сияқты Шығыс Азиядан Еуропаға дейінгі орта дәліз бүгінде өңірлерімізді әлемге және әлемді өңірлерге ашатынқақпа болып отыр.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕЙРОН ЖЕЛІСІ
Егер көлік инфрақұрылымы өзінің тармақталуымен функционалдығына қарай мемлекеттің қанайналым жүйесі болса, онда оған ұқсастырып, цифрлық инфрақұрылымды оның нейрон желісідеп айтуға болады. Шеткері аймақтарды қосаалғанда, бүкіл организмнің орталық жүйкежүйесімен байланысы жақсы болған сайын, олсоғұрлым өміршең келеді, әр жасушасыменцифрлық дәуірдегі ішкі және сыртқы ортаныңқажеттілігі мен қиындығына жауап беругеқауқарлы болады.
Бұл жерде даму көшінен көз жазып қалуға болмайды. Ұшы-қиыры жоқ далада жатқан шалғайауылмен бірге жаппай цифрландыру және жасандыинтеллектіні енгізу бүгіннің өзінде ұлттың тиістідеңгейде дамуын қамтамасыз етіп, оны ертең нағызбәсекеге қабілетті ел етеді.
Цифрландырудың «екінші толқыны» назардымемлекеттік қызметтердің салыстырмалы тар сегментінен цифрлық теңсіздікті еңсеруге, цифрлық технологияларды күнделікті өмір мен экономикаға интеграциялауға аударды. Ол инфрақұрылымды, нормативтік базаны, цифрлықдағдыларды, стартаптар мен инновациялардықамтиды. Басты мақсат – барлық өңірде, соныңішінде шалғайдағы ауылдардың тұрақты кеңжолақты интернетке қосылуды қамтамасыз ету.
Алайда шағын қалаларда, қала маңында жәнеауылдарда қолжетімділік арналары әбден ескірген. Мұнда негізінен ADSL технологиясы, яғни «мыс» телефон арналары арқылы 10 Мбит/сек жылдамдықпен беріледі. Кеңжолақты оптикалық-талшықты байланысқа қосылуды қамтамасыз етуауылдық жерлерде – небәрі 18 пайыз, шағынқалаларда – 28 пайыз, ал ірі қалаларда – 44 пайыз.
Бұл ретте Қазақстан аумағы бойынша шашыраңқыорналасқан елді мекендер байланыс операторларыүшін экономикалық тұрғыда тартымды емес. Олархалық пен бизнес тығыз шоғырланған, халқы тығызорналасқан қалаларға басымдық береді. Мұндайжағдайда кез келген елді мекендерден тысжерлердегі ауылшаруашылық кәсіпорындарыннемесе айдаладағы трассалар бойын интернетпенқамту туралы айтпаса да болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылғы қазанда қабылданған «Қолжетімдіинтернет» ұлттық жобасы цифрлық алшақтыққаберілген жүйелі жауап болды. Оның мақсаты – 2027 жылға қарай барлық елді мекенніңжылдамдығы кем дегенде 100 Мбит/сек болатынинтернетке қол жеткізуіне жағдай жасау.
Үш мыңнан астам ауылда талшықты-оптикалықбайланыс желілерін салу жұмыстары жүргізіліпжатыр. Шағын және орта байланыс операторларынқолдау арқылы 400 мың үй шаруашылығынажоғары жылдамдықты интернет жеткізілетінболды.
Шалғайлығына немесе географиялық орныныңқиындығына қарай сымды интернетке қосумүмкіндігі жоқ 500-ден астам ауылда ғарыштықбайланыс жүйесінің ресурстары пайдаланылады. Мәселен, 2025 жылғы маусымда Цифрлық даму министрлігі мен Starlink компаниясы еліміздіңаумағында спутниктік интернетті ресми түрде іскеқосу туралы келісімге қол қойды. Бұл шалғай жәнежетуі қиын аудандарда цифрлық байланыстықамтамасыз етуге көмектеседі.
Республикалық және негізгі облыстық автожолдарды мобильді интернетпен қамту үшін 480-нен астам антенна-діңгекті құрылыстар салынады. Барлық республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында 5G желілері таратылады.
Технологиялар дүниеге келіп, стартаптар дамитынжәне цифрлық дағдыларды үйретіп, білім беру жобаларын жетілдіретін кәсіби қауымдастықтарқалыптасатын кеңістіктерді, өңірлік хабтардыөркендету – Қазақстанның бүкіл аумағындацифрлық экожүйеге қол жеткізудің маңыздыэлементі болып отыр.
Қазір елордадағы Astana Hub-тан кейін технологиялық кәсіпкерлікті және цифрлықинфрақұрылымды дамыту үшін жұмыс істейтін 19 өңірлік IT-хаб ашылды. Бұл бастама – елдіцифрлық трансформациялау тұрғысынан өңірлердідарынды адамдар мен инвестициялар тарту орталығына айналдыратын болашақэкономикасына жасалған маңызды қадам.
АДАМ КАПИТАЛЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Біз жас әрі тез өсіп келе жатқан ұлтпыз. 2023 жылыҚазақстан халқының саны 20 миллионнан асты. Бұл – жиынтық туу коэффициентінің өсуініңнәтижесі. 2020 жылы аталған көрсеткішТәуелсіздік алғалы бері ең жоғары деңгейге, 3,13-ке жетті. Ал ауылдарда ол 3,56 көрсеткішке дейін өсті. Басқаша айтқанда, еліміздегі бір отбасыға орта есеппен үш және одан да көп баладан келіп отыр.
Алайда туу көрсеткіші бойынша өңірлер арасындаайтарлықтай айырмашылық бар. Бұл көрсеткішелдің оңтүстігінде шырқау шыңына жетсе, солтүстікте құлдырап тұр. Ауыл мен шағынқалаларда инфрақұрылымның дамымауысалдарынан болған демографиялық алшақтықкөші-қон үдерісінің бақылаусыз қалуыменкүрделене түсті. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл жұрттың бәрі тұрғысы келетін іріқалаларымыздың инфрақұрылымына орасан зорсалмақ түсіріп отыр.
Мұндай жағдайда адамдардың өмірі мен дамуыүшін жергілікті жерлерде сапалы тұрғын үй мен заманауи әлеуметтік инфрақұрылымнан бастапқолжетімді білім беруге, денсаулық сақтауға жәнецифрлық қызметтерге дейін жайлы және қауіпсізжағдай жасау аса маңызды. Халық санының өсуіжәне оның негізгі игіліктермен қамтамасыз етілудеңгейі бір-біріне сәйкес болуға тиіс.
Қазақстан – әлеуметтік мемлекет, біз үшіназаматтарымыздың әл-ауқаты бірінші орында. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, жергіліктіжерлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуғабөлінген қомақты қаражат та – экономикағасалынған инвестиция. Ол тек адам капиталы арқылы жүзеге асырылатын жанама инвестиция түрі. Әлеуметтік саланы дұрыс қаржыландыру бұл– ең алдымен, ұзақмерзімді перспективада қайтарып алу үшін сауатты түрде салынған қаражат.
Қамқорлық пен қайырымдылық туралы камера алдында айтылған ұрандар емес, осындайсалауатты мемлекеттік прагматизм ғана өңірлердегіадамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге мүмкіндікберіп, оларға және бүкіл елге жарқын болашаққадеген үміт сыйлайды.
Осы тұрғыдан алғанда, әлеуметтік мемлекет жақсыата-ана сияқты: ең алдымен, өз азаматтарыныңбілімі мен денсаулығына қамқорлық жасайды.
2019 жылдан бастап өңірлерде 1 миллион оқушыорнына есептелген 1 200 жаңа мектеп салынды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Ауылдық жерлерде 3 мыңнан астам мектеп жаңғыртылды, 100-ден астамүш ауысымды және апатты мектептер мәселелерішешілді. Сондай-ақ 200 мектепте орын тапшылығыжойылды. Сыбайлас жемқорлардан алынған қаражатты жинақтайтын Білім беру инфрақұрылымынқолдау қорының арқасында 74 заманауи мектепашылып, тағы 15 мектептің құрылысы жүргізіліпжатыр. Өңірлердегі мектеп реформасының басым бағыттарының бірі – тұрғылықты жерінеқарамастан, сапалы білім алуға тең қол жеткізужәне оқыту үшін заманауи жағдайлар жасау.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдар аралығында 460 мың оқушы орнынаарналған 217 мектеп салу жоспарланған болатын. Оның 40 пайыздан астамы ауылдық жерлерде бой көтермек. Олардың көпшілігі қазірдің өзіндесалынып болды, тағы 41 мектептің құрылысыаяқталуға жақын. Бұл жай ғана жаңа ғимараттаремес. Олар – балалар заманауи талаптарға сай жағдайда оқуға мүмкіндік алатын жаңа өсу нүктелері.
Мектеп инфрақұрылымының бірыңғай заманауиформатына көшудің келесі кезеңі қолданыстағы оқуорындарын реновациялау болмақ. Ол таяудағы үшжыл ішінде 1 200-ден астам мектепті қамтиды. Оның жартысынан көбі ауылдық мектептер екенінатап өткен жөн.
Мұнда сөз тек ғимарат тұрғызу, инженерлікжелілерді тарту немесе мектеп аумағын абаттандыру жөнінде болып отырған жоқ. Жоғарыжылдамдықты интернетке қол жеткізу, заманауиоқу кабинеттері, жаңа білім беру технологияларысияқты мазмұндық жағына баса мән берілмек. Оның бәрі ауыл балаларына сапасы жағынан іріқалалардың лицейлерінде оқудан кем түспейтінжағдайда білім алуға мүмкіндік береді.
Қазақстандағы мектеп қала мен ауыл арасындағышекаралар жойылатын тең мүмкіндіктер кеңістігінеайналуға тиіс. Жақын арада білім берудегі өңірліктеңсіздік еңсеріледі. Ал әрбір бала тұрғылықтыжеріне қарамастан, өзінің әлеуетін ашуға жәнеелдің болашағына үлес қосуға мүмкіндік алады.
Қазір денсаулық сақтау жүйесінде де осындайүдеріс жүріп жатыр.
Қазақстанда денсаулық сақтау инфрақұрылымы2010 жылдардың аяғында, коронавирус пандемиясының дәл алдында ілгері жылжымай, керісінше кері кетті. Бұл кері кету 1990 жылдардыңортасынан басталды, 2000 жылдардың ортасынақарай шамамен екі мыңнан бір мыңға дейін азайыпқалды. Егер 1991 жылы медициналық мекемелербірден 230,4 мың науқасты қабылдай алса, 2019 жылы тек 96,3 мың науқасты қабылдайтын мүмкіндігі болды.
Денсаулық сақтау саласына қаражат жеткіліксізболған тоқсаныншы жылдар туралы айтпаса да түсінікті. Ал одан кейінгі жылдарда ойданшығарылған қаржылық жағынан негіздеумәселелері бірінші орынға шықты. Бұл тәсілдердіңсалдарын халық ауылды айтпағанда, елорданыңөзінде орындар, жабдықтар, дәрі-дәрмектержетіспеген пандемия кезінде қатты сезінді.
Пандемиядан алған сабақ бекер болған жоқ. Қазақстан медициналық инфрақұрылымды жан-жақты дамыту мен жаңартуды қолға алды. 2022 жылдан бастап бүкіл ел бойынша 927 денсаулықсақтау нысаны салынды. Ең бастысы – ауылғатүбегейлі түрде көңіл бөліне бастады. 2022 жылдың қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестіңкезекті отырысында «Ауылдық денсаулық сақтаудыжаңғырту» ұлттық жобасын мақұлдады.
Ұлттық жоба аясында 655 медициналық нысанныңқұрылысы көзделген. Соның 596 амбулатория, фельдшерлік-акушерлік және медициналықпункттер пайдалануға берілді. 2025 жылдыңсоңына дейін қалған 59 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарын ашужоспарланып отыр. Сонымен қатар 32 көпсалалыорталық аудандық ауруханаларды жаңғыртужұмыстары жүргізілуде. Барлық инфрақұрылымжарқын болашаққа бағытталып құрылуда. Бұлөңірлердегі медициналық қызметтердің сапасы түбегейлі жаңа деңгейге көтеріліп келеді дегендібілдіреді.
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту – Қазақстанның болашағына салынған стратегиялықинвестиция. Оны табысты іске асыру шикізаттықэкономикадан адами капиталға негізделгенэкономикаға көшуді жылдамдатады. Ол өмір сүрудеңгейіндегі теңгерімсіздік мәселесін шешіп қанақоймай, алдағы онжылдықтарда өңірлердіңорнықты дамуы, әлеуметтік тұрақтылығы мен экономикалық бәсекеге қабілеттілігі үшін негізболады.
ҰЛТ БЕСІГІ
Бүгінде ел азаматтарының 37 пайызға жуығынемесе шамамен 7,5 млн адам ауылда тұрады. Алайда жыл сайын ауыл халқының да, ауылдардыңда саны азайып келе жатқаны белгілі. Мұны жамандеуге де, жақсы деуге де болмас, бұл – елдің дамуымен ондағы ауыл халқының үлесі арасындағыарақатынастың объективті көрінісі ғана.
Бұл арақатынастың мәні мынадай: елдің экономикалық, әлеуметтік және технологиялық даму деңгейі артқан сайын, ауыл халқының да үлесісоғұрлым азая түседі. Бұл екі өзара байланыстыүдерістің нәтижесі – экономикалық өсіммен қатаржүретін урбанизация + еңбек күшіне сұраныстытөмендететін ауыл шаруашылығынмеханикаландыру. Аталған заңдылық ауылтұрғындары санының табысқа тікелейтәуелділігінен айқын көрінеді: жан басынашаққандағы жалпы ішкі өнім неғұрлым жоғарыболса, ауыл тұрғындарының үлесі соғұрлым аз болады.
Еліміздегі осы екі көрсеткішті көршілерімізбенжәне әлемдегі ең дамыған экономика иесісаналатын АҚШ-пен салыстырып көрейік. АҚШ-та ауыл халқының үлесі шамамен 16,5 пайыз, ал жанбасына шаққандағы жалпы ішкі өнім 85 810 долларға тең. Аталған көрсеткіш Ресейде – 26 пайыз және 14 889 доллар, Қытайда – 34,5 пайызжәне 13 303 доллар, Қазақстанда – 37 пайыз және14 445 доллар, Өзбекстанда – 49,4 пайыз және 3 162 доллар. Мұнда екі полюс – ауыл халқының үлесішамалы АҚШ және жан басына шаққандағыжалпы ішкі өнімі төмен, тұрғындарының жартысына жуығы ауылдарда тұратын Өзбекстанкөрсетілген. Бұл табыс деңгейі төмен болғансайын, ауылда тұратын халық саны көп боладыдеген модельді растайды.
Алайда осы үрдістің объективті сипатына қарамастан, ауыл айрықша қолдауды және дамытудықажет етеді. Ауыл тұрғындарының барлықзаманауи өмір сапасына сай жағдайларын жасап, олардың өмір сүру деңгейіндегі алшақтықты азайтукерек. Ауыл әрдайым халқымыздың рухани тірегімен алтын бесігі болды және солай болып қалабереді. Ол халықтың ішкі жан дүниесі мен өзіндікерекшелігін айқындайды және оның жоғалуы қалыптасып келе жатқан ұлттың түпкі мүддесінеауыр соққы болары сөзсіз.
Осы тұрғыдан алғанда, Мемлекет басшысыныңауыл мен ауыл-аймақтарды дамыту жөніндегібастамалары тек экономикалық немесе әлеуметтікбағытты қамтымайды. Олардың ішкі пайымы, сайып келгенде, мемлекетті мемлекет ететін негізгіқұндылық – ұлттық бірегейлігімізді сақтау әрінығайтуды көздейді.
Сондықтан Президентіміз
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауданкейін, 2022 жылғы 26 қарашада қол қойғаналғашқы Жарлығы Қазақстан Республикасыныңауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы құжатболды. Мемлекет басшысы ұлықтау рәсіміндесөйлеген сөзінде: «Менің сайлауалды бағдарламамда ауылды дамытуға ерекше көңілбөлінді. Қазіргі таңда азаматтарымыздың 40 пайызға жуығы ауылдық жерде тұрады. Халқымыз«Ауыл – ел бесігі» деп босқа айтпаған. Сондықтанауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту – біз үшін абыройлы іс», – деп атап көрсетті.
Тұжырымдаманы іске асыру үшін жұмыс құралыретінде әлеуметтік, инженерлік және көлікинфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» (2019) бағдарламасы енгізілді. 2027 жылға қарай даму әлеуеті анағұрлым жоғары 3 500 ауылда тұратын 7 миллион ауыл тұрғыны үшіннегізгі көрсетілетін қызметтер мен инфрақұрылымның заманауи деңгейі қамтамасызетіледі. Соның аясында жаңа мектептер мен медициналық мекемелердің бой көтеруі, мәдениетжәне спорт нысандарының ашылуы, ауылдажолдардың салынуы, сумен және электрменқамтамасыз ету, жылдамдығы жоғары интернет тарту, халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашусияқты іс-шаралар қолға алынады.
Ауыл тұрғындарының табысын агроөнеркәсіптікөндірісті, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығыкооперациясын дамыту арқылы көбейту жоспардабар. Шағын шаруашылықтарды біріктіруфермерлерге жерді, ауыл шаруашылығытехникасын, суару жүйелерін бірлесіп пайдалануесебінен шығынды азайтуға және өнім көлемін арттыруға, делдалсыз тұрақты өткізуді жолға қоюғамүмкіндік береді. Бұл жерде жеңілдетілген шағыннесиелер мен лизингке техника беру арқылыауылда шағын бизнесті және кооперацияныдамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы(2023) маңызды тетіктің біріне айналды.
Тұжырымдаманы іске асыру қорытындысыбойынша табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз адамдардың үлесі – 5,8 пайызға дейін, жұмыссыздық 4,2 пайызға дейін төмендемек. Сумен қамту – 100 пайызға, интернет тарту – 97 пайызға, жергілікті жолдардың қалыпты жағдайы95 пайызға жетеді деп жоспарланған.
Ауылды дамыту мен оның мәселелерін шешу тек аграрлық сектордың тиімділігін арттыру емес. Бұл– қазақ халқының мәдени бірегейлігін сақтаумәселесі. Жүйелі реформалардың арқасында біз ұлтбесігін жаңғыртып, ауылды өмір сүруге және батылбастамаларды жүзеге асыруға қолайлы мекенгеайналдырамыз.
SUCCESS STORY
…Бірде Орал қаласында жастармен кездескенкезімде мені бір қыздың өмір жолын таңдау туралыәңгімесі таңғалдырды. Шәрипа БазарбаеваАстанада журналист мамандығы бойынша білімалып, туған қаласында жергілікті телеарнағажұмысқа орналасады. Тұрмыс құрады. Бірақ бірсәтте өміріне мән беретін ең маңызды нәрсені уысынан шығарып алғандай сезім пайда болады. Ойлана келе жас жұбайлар «қырға кету», шалғайжерге бару, фермерлік шаруашылықпен айналысып, өз қолдарымен тапқан табыспен өмір сүру туралышешім қабылдайды.
Қазір олар туған жердің қасиетін бойына сіңіріп, өзісін дөңгелетіп, мал шаруашылығымен айналысып, мағыналы өмір сүріп отыр. Алған білімі де пайдағажараған. Шәрипа Instagram-да блог жүргізіп, ауылөмірі жайында рилстер жариялайды. Оның мұндайконтенттері ауыл тіршілігінен алыс мыңдағанадамның қызығушылығын тудырып, көпшіліктіңназарын аударды.
Бұл – стереотиптерді бұзу және ауылға деген жаңакөзқарастың қалыптасуы туралы оқиға. Ауыл жайлы өмір сүруге, жақсы жұмыс істеуге жәнебақытты ұрпақ өсіруге болатын тамаша орынекенін дәлелдейді.
Сондай-ақ бұл – болашақ туралы оқиға. Ауыл мен шалғай елді мекендер бастамашыл әрі батыладамдар үшін өзін-өзі қамтамасыз ете алатынорталыққа айналатыны туралы нақты мысал. Мұнда, бұрынғыдай, ғасырлар бойы қалыптасқанхалықтың шынайы құндылықтары жаңа сипаттажаңғырып, мән-мағынасын жоғалтпай, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, жалғаса береді.
Ауылдың шынайы дамуы – тек экономикалық, әлеуметтік немесе инфрақұрылымдық мәселелердішешумен шектелмейді. Адам өмірі үшін аса маңызды осы материалдық негіздердің артындатағы бір, материалдық емес ең басты құндылықтұр. Ол – біздің ұлттық бірегейлігімізді қалыптастыратын рухани бастауларды сақтау. Дәлосы рухани негіздер ХХІ ғасырда ұлттыңжаңғыруы мен өрлеуінің берік кепілі болмақ.
Бұл қиялдан туған құрғақ сөз де, «патриоттық» тұмар да емес. Жоқ. Бұл – 20 миллион «Мен» дегендауысты біртұтас «Біз» деген үнге біріктіретін жазылмаған ереже, құндылықтар, әдеп нормаларымен мәдени парадигмалар кодексі іспеттесшындық.
Ауыл біздің бірегейлігімізді бекемдейтін, ұлттыңсыртқы ортамен араласып кетуіне жол бермей, аласапыранға қарсы тұратын күш болып қалабермек.
Көпшілік пікірге қарамастан, бұл кертартпа күшемес, ілгерілеу күші екенін үнемі назардаұстауымыз керек. Мұндай күш Кеңес заманындашалғай ауылдардағы ата-әжелеріміз бен ата-аналарымызды білім мен табыс жолына жетеледі. Ондаған жылдан кейін осы күш мыңдаған жасқа86-ның қаһарлы желтоқсанында бас көтертіп, Тәуелсіздікке жеткізді, егемен еліміздің іргетасынқалады.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ӘділеттіҚазақстан құру жолындағы реформалары – осы күшке жетелейтін қадам. Ол – қуатты өңірлерденмықты ұлт болашағына бастайтын қарышты қадам.
Мәулен ӘШІМБАЕВ,
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы
Дереккөз: https://turkystan.kz/article/270494-reformalardyn-mani-4-quatty-onirler-quatty-ult


