Конституция – Қазақстан Республикасындағы ең жоғары заң

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы және құқықтық жүйенің басты тірегі болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңды күші бар, яғни елдегі барлық заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер осы негізгі заңға сәйкес қабылдануы тиіс. Егер қандай да бір заң немесе басқа құқықтық акт Конституцияға қайшы келсе, онда ол қолданылмайды.
Конституцияның бүкіл Қазақстан Республикасының аумағында тікелей қолданылуы оның ерекше маңызға ие екенін көрсетеді. Бұл дегеніміз, Конституция нормалары арнайы қосымша заңдарды қажет етпей-ақ тікелей әрекет етеді. Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау кезінде Конституция баптарына сүйене алады.
Сонымен қатар, Конституция мемлекет пен қоғам өмірінің негізгі қағидаларын айқындайды. Онда адамның құқықтары мен бостандықтары, мемлекеттік билік жүйесі, басқару нысаны, сондай-ақ мемлекеттің негізгі принциптері бекітілген. Осы арқылы Конституция елдегі құқықтық тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар және азаматтар Конституцияны құрметтеуге және оның талаптарын сақтауға міндетті. Бұл құқықтық мемлекет құрудың басты шарттарының бірі болып саналады.
Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының Конституциясы – ең жоғары заңды күші бар негізгі құқықтық құжат. Оның нормалары бүкіл ел аумағында тікелей қолданылып, мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуына құқықтық негіз қалыптастырады. Алатау қаласының жұмыспен қамту орталығының директоры Бауыржан Семейғали


