#Qazaqstan30

Қазақстандағы діни ұйымдардың қызметі заңмен реттеледі

Қазақстан Республикасында діни ұйымдардың қызметі заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл қағида елдегі тұрақтылықты, қоғамдық келісімді және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекет әр азаматтың ар-ождан және діни сенім бостандығына құрметпен қарайды, сонымен бірге қоғам қауіпсіздігі мен тәртібін сақтау мәселесіне ерекше мән береді.

Қазақстан – көпұлтты әрі көпконфессиялы мемлекет. Сондықтан қоғамдағы діни келісім мен өзара сыйластықты сақтау аса маңызды. Осыған байланысты діни ұйымдардың қызметі заңмен реттеліп, олардың жұмысы белгіленген талаптар мен нормаларға сәйкес жүргізіледі.

Конституцияға сәйкес, діни ұйымдардың қызметі конституциялық құрылыс негіздерін қорғау, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың денсаулығын және қоғамның адамгершілік құндылықтарын қорғау мақсатында шектелуі мүмкін. Бұл шектеулер діни сенім бостандығын шектеу үшін емес, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

Мұндай құқықтық реттеу мемлекет пен қоғам арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Бір жағынан азаматтардың діни сенім еркіндігі қамтамасыз етілсе, екінші жағынан қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы қорғалады.

Осылайша, Қазақстанда діни ұйымдардың қызметін заң аясында жүзеге асыру – қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтаудың, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңызды тетіктерінің бірі болып табылады. Алатау қаласының қоғамдық пікір көшбасшысы Панжазов Сабит

Басқа жаңалықтар

Back to top button