Референдум: Мықты құқықтық мемлекетке айналдық

— Елімізде, дәл бүгін, саяси науқанның қызып жатқан сәтінде, өз дауысымды беруге Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы №350 — ші учкаскеме келдім. Конституциямызды жаңа биіктікке көтеріп, абыройын асқақататып жатырмыз. Халық болып адам құқығының, Қазақстан азаматының құқығын қорғайтындай жан-жақты талқыланып жасалған. Дауыс беру күні учаскелік комиссияның басты міндеттерінің бірі – референдум процесінің заң талаптарына сай, ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету. Осы күні комиссия мүшелері сайлаушыларды тіркеу, бюллетеньдерді беру және дауыс беру тәртібінің сақталуын қадағалау жұмыстарын атқарады. Сондай-ақ учаскеде қоғамдық тәртіптің сақталуына назар аударылып, әр азаматтың өз таңдауын еркін әрі кедергісіз жасауына барлық жағдай жасалады. Дауыс беру аяқталғаннан кейін берілген дауыстар саналып, оның нәтижелері белгіленген тәртіпке сәйкес рәсімделеді. Бұл жұмыстардың барлығы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қоғамдық маңызы зор мұндай науқанда әр азаматтың белсенділік танытып, өз таңдауын жасауы – ел болашағына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі — дейді аудандық кітапхана меңгерушісі Қарлығаш Бұдығұлова



