Ілелік жастар тазалық акциясына белсенді атсалысуд

Іле ауданында өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына жастар қауымы ерекше белсенділік танытуда. Аудан көлемінде ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына Іле ауданы Жастар ресурстық орталығы мен ерікті волонтерлер арнайы қатысып, қоршаған ортаны тазартуға өз үлестерін қосуда.
Жастар қоғамдық орындарды тазалау, ағаш отырғызу, аумақтарды абаттандыру сынды жұмыстарға белсене араласып келеді. Олар тек еңбек етіп қана қоймай, тұрғындарды да тазалық сақтауға шақырып, экологиялық мәдениетті насихаттауда маңызды рөл атқаруда. Осындай шараларға қатысу жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтеді. Бұл – өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға бейжай қарамай, ел дамуына үлес қосуға дайын екенінің айқын көрінісі.
Айта кету керек, мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жастардың белсенділігі арқылы ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізетін болады.



