Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары
Чернобыль апатына 40 жыл толуына орай жиын өтті

Бүгін А.Тоқпанов ауылында Чернобыль апатының 40 жыл толуына орай жиын өткізілді. Аталған шараға Чернобыль ардагерлері, ауыл тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты. Жиынға Іле ауданы әкімінің орынбасары Садықов Асқар Жұмаханұлы қатысып, Чернобыль апаты салдарын жоюға қатысқан азаматтарға «Чернобыль ардагерлерінің ерлігі үшін» төсбелгісімен және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Жиын соңында «Чернобыль маршы» әні орындалып, ескерткішке тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды.



