Аудан жаңалықтары

Іле ауданында футбол маусымы қыза түсті

Іле ауданының футбол чемпионатының 2-туры тартысқа толы өтіп, жанкүйерлерге әдемі голдар мен әсерлі ойын сыйлады. Ауыл командалары алаңда жоғары дайындық пен жеңіске деген жігерін көрсетті.

2-тур нәтижелері:
Ащыбұлақ — Боралдай 4:1 Байкент — Қараой 5:2  А.Тоқпанов — Байсерке 0:4
ы Ақсай — Күрті 3:1

Чемпионат аудан жастары арасында бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және ауыл командалары арасындағы достық байланысты нығайтуға бағытталған.

Барлық командаларға алдағы ойындарда сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button