Іле ауданында футбол чемпионатының 11-туры өтті

Іле ауданында өтіп жатқан футбол чемпионатының 11-туры жанкүйерлерге тартысты әрі қызықты ойын сыйлады. Тур аясында төрт кездесу өткізіліп, командалар жеңіс үшін бар күш-жігерін салды.
11-турдың нәтижелері бойынша Ақсай командасы Ақшиді 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Байсерке командасы Асқар Тоқпанов ұжымын 4:1 есебімен ұтып, өз жанкүйерлерін қуантты. Байкент командасы Қараойды сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіп, маңызды үш ұпай еншіледі. Ал Ащыбұлақ командасы нәтижелі ойын көрсетіп, Боралдайды 5:2 есебімен тізе бүктірді.
Өтеген батыр командасы бұл турда демалыста болды.
Іле ауданындағы футбол чемпионаты тек спорттық бәсекені ғана емес, жастар арасында салауатты өмір салтын, өзара құрметті және әділ ойын қағидаттарын насихаттауға бағытталған. Чемпионат барысында қатысушылар ойын ережелерін сақтап, жоғары спорттық мәдениет көрсетуде.
«Заң мен тәртіп» қағидаты спорт алаңында да өз көрінісін табады. Ережені сақтау, қарсыласқа құрметпен қарау және әділ төрелікке мойынсұну – нағыз спортшының басты қасиеттері. Бұл қағидаттар футболдың тәрбиелік мәнін арттырып, жас ұрпақтың жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Іле аудандық футбол чемпионаты алдағы турларда да өз жалғасын тауып, жанкүйерлерге қызықты әрі тартысты кездесулер сыйлайды.



