Аудан жаңалықтары

Қараой ауылында «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

Қараой ауылындағы аудандық мәдениет үйінде «Әділет» партиясының аудандық үгіт-насихат тобының тұрғындармен кездесуі өтті. Басқосу барысында партияның алдағы бес жылға арналған «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басымдықтар талқыланды.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидат Марат Қожаев, партияның аудандық филиалының төрағасы Алмасбек Сатибаев, сондай-ақ облыстық және аудандық штаб мүшелері Баян Топарқызы, Рүстем Бақытбаев, Гүльжан Байкан, Арман Аманжолов және Рауан Бұғыбаев қатысты.

Жиын барысында қатысушылар жаңа Конституция қағидаттарына негізделген әлеуметтік мемлекет құру, халықтың әл-ауқатын арттыру және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған бастамаларға тоқталды. Сонымен қатар өңірлерді дамыту, отбасы институтын қолдау, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру және еңбек адамының қоғамдағы рөлін күшейтуге арналған ұсыныстар кеңінен таныстырылды.

Кездесуде әлеуметтік саясатқа қатысты мәселелер де сөз болды. Атап айтқанда, зейнетақы жүйесіне қатысушылар қатарын көбейту, егде жастағы азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру, жалғызбасты қарттар мен тұрақты күтімді қажет ететін адамдарға арналған әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін кеңейту жөніндегі жоспарлар таныстырылды. Сонымен қатар мәдени мұраны сақтау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, бұқаралық спортты дамыту және түрлі сала мамандарының әлеуметтік мәртебесін көтеруге бағытталған бастамалар жөнінде ақпарат берілді.

Басқосу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Ашық форматта өткен кездесу барысында өңірдің даму перспективалары, әлеуметтік қолдау тетіктері және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамалар жөнінде пікір алмасу өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button