Аудан жаңалықтары

«Әділет» партиясы мектеп бағдарламасына жасанды интеллект негіздерін енгізу мәселесін талқылады

Өтеген батыр ауылындағы М.Мақатаев атындағы №13 орта мектепте «Әділет» партиясы өкілдерінің педагогикалық ұжыммен кездесуі өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидат Қазбек Дауталиев, партияның Іле аудандық филиалының төрағасы Алмасбек Сатибаев, облыстық және аудандық штаб мүшелері қатысты.

Кездесу барысында білім беру саласын дамыту, оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, математика мен физика пәндерін тереңдетіп оқыту, сондай-ақ жастарды заманауи еңбек нарығына бейімдеу мәселелері сөз болды.

Талқылау барысында мектеп бағдарламасына жасанды интеллект негіздері мен алгоритмдік ойлау элементтерін енгізу жөніндегі ұсыныстар қарастырылды. Сонымен қатар тірек мектептер базасында STEM бағытындағы сыныптарды дамыту, ауыл мектептеріне әдістемелік қолдау көрсету және инженерлік, IT, математикалық әрі гуманитарлық бағыттағы бейіндік білім беру мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері көтерілді.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Педагогтер білім беру жүйесін жетілдіруге қатысты өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Жиын соңында қатысушылар білім саласын дамытуға қатысты көтерілген бастамалар мен ұсыныстар төңірегінде пікір алмасты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button