Аудан жаңалықтары

«Әділет» партиясы өкілдері «АРУ» медицина орталығының ұжымымен кездесті

Өтеген батыр ауылындағы «АРУ» медицина орталығында «Әділет» партиясы өкілдерінің медицина қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Кездесуге облыстық және аудандық штаб мүшелері Айдар Абдрахманов, Гүльжан Байкан, Рауан Бұғыбаев және Гамзе Гейдаров қатысып, денсаулық сақтау саласының мамандарымен пікір алмасты.

Жиын барысында денсаулық сақтау жүйесін дамыту, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы мен әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар медициналық қызмет сапасын арттыру, профилактикалық медицинаны дамыту, денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігін арттыруға қатысты ұсыныстар қарастырылды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Медицина қызметкерлері саладағы өзекті мәселелерге қатысты пікірлерін білдіріп, еңбек жағдайын жақсарту, әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру және медициналық қызметтің сапасын арттыру жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын соңында қатысушылар денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытуға қатысты көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, мұндай кездесулердің сала мамандарымен ашық диалог орнатуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button