«RAIMBEK-AGRO» ұжымымен өндіріс пен өңірлік экономиканы дамыту мәселелері талқыланды

Өтеген батыр ауылындағы «RAIMBEK-AGRO» ЖШС-де «Әділет» партиясы өкілдерінің кәсіпорын ұжымымен кездесуі өтті.
Кездесуге облыстық және аудандық штаб мүшелері қатысып, өндіріс саласының қызметкерлерімен пікір алмасты. Жиын барысында өндірісті дамыту, өңірлік экономиканы нығайту, жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек қауіпсіздігі және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайына қатысты мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуіне ықпал ететін тетіктер, өндірісті жаңғырту, инвестиция тарту, еңбек жағдайын жақсарту және әлеуметтік кепілдіктерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.
Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері өндіріс саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, өңірдің экологиялық ахуалы, жасыл аймақтарды дамыту және кәсіпорын қызметіне қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты.
Жиын соңында өндіріс саласын дамыту, еңбек ұжымдарының ұсыныстарын ескеру және өңірлік экономиканың өзекті мәселелерін талқылау бағытындағы мұндай кездесулердің маңыздылығы атап өтілді.



