Аудан жаңалықтары

«Жылу электр орталығы – 3» АҚ ұжымымен өндіріс саласының өзекті мәселелері талқыланды

«Жылу электр орталығы – 3» АҚ-да «Әділет» партиясы өкілдерінің еңбек ұжымымен кездесуі өтті.

Кездесуге Тілеукен Көпбаева, Бинур Елиманова, Айдар Абдрахманов, Гүльжан Байкан, Рауан Бұғыбаев және Гамзе Гейдаров қатысып, кәсіпорын қызметкерлерімен пікір алмасты.

Жиын барысында өндіріс саласын дамыту, еңбек жағдайын жақсарту, кәсіпкерлікті қолдау, отандық өндірістің әлеуетін арттыру, жаңа технологияларды енгізу және өнеркәсіп инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар еңбек адамының құқықтарын қорғау, кәсіби кадрларды қолдау, жастардың өндіріс саласына қызығушылығын арттыру және саланың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге қатысты ұсыныстар қарастырылды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Кәсіпорын қызметкерлері өндірісті дамыту, еңбек қауіпсіздігі, жұмыс жағдайын жақсарту және саланың алдағы даму перспективалары жөнінде өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Жиын соңында өндіріс саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, еңбек ұжымдарының ұсыныстарын тыңдау және сала мамандарымен ашық диалог орнатудың маңыздылығы атап өтілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button