Аудан жаңалықтары

Damu Logistics еңбек ұжымымен көлік-логистика саласының өзекті мәселелері талқыланды

Байсерке ауылында орналасқан Damu Logistics индустриялық-логистикалық орталығында еңбек ұжымымен кездесу өтті.

Кездесу барысында көлік-логистика саласының қазіргі ахуалы, қойма инфрақұрылымын жетілдіру, жұмыс процестерін автоматтандыру және жүк тасымалын тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білікті мамандар даярлау, жастарды логистика саласына тарту және саланың кадрлық әлеуетін арттыру бағытындағы өзекті мәселелер қозғалды.

Кәсіпорын қызметкерлері күнделікті жұмыс барысында кездесетін түйткілдерді ортаға салып, қоймалау жүйесін жетілдіру, өндірістік нысандарды техникалық жарақтандыру және цифрлық шешімдерді енгізу жөніндегі ұсыныстарымен бөлісті.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар көлік-логистика саласының өңірлік экономиканы дамытудағы маңызына тоқталып, инфрақұрылымды жетілдіру, еңбек жағдайын жақсарту және саланың тұрақты дамуына қатысты өзара пікір алмасты.
:::writing

Басқа жаңалықтар

Back to top button