АҚШИ АУЫЛЫНДА МЕКТЕПТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ақши ауылындағы №8 орта мектепте педагогикалық ұжымның қатысуымен кездесу өтті. Басқосуға Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттар Қазбек Дауталиев пен Мадияр Амиргалиев, «Әділет» партиясы аудандық филиалының төрағасы Алмасбек Сатибаев, сондай-ақ облыстық және аудандық штаб мүшелері қатысты.
Кездесу барысында мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, дене белсенділігін арттыру және білім беру ұйымдарындағы қолайлы ортаны дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар мектепке қатынайтын жолдардың қауіпсіздігін күшейту, қоғамдық кеңістіктерді жарықтандыру және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы ұсыныстарға назар аударылды.
Жиын барысында білім беру ұйымдарында оқушылардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және спортпен шұғылдануға жағдай жасау мәселелері қозғалды. Сондай-ақ мектеп асханаларындағы тамақтану сапасы, балалардың денсаулығын бақылау және ұлттық спорт түрлерін дамыту жөнінде пікір алмасу өтті.
Кездесу соңында педагогтер өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, мектептегі қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.



