Т.БОКИН АТЫНДАҒЫ №41 ОРТА МЕКТЕБІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫММЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ақши ауылындағы Т.Бокин атындағы №41 орта мектепте педагогикалық ұжыммен кездесу ұйымдастырылды. Жиынға Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттар Қазбек Дауталиев пен Мадияр Амиргалиев, «Әділет» партиясы аудандық филиалының төрағасы Алмасбек Сатибаев, сондай-ақ облыстық және аудандық штаб мүшелері қатысты.
Кездесу барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер, педагогтердің еңбек жағдайы, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру және мұғалімдердің кәсіби қызметін қолдау бағыттары талқыланды. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының жұмысын одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды.
Жүздесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, педагогтер өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын білдірді. Қатысушылар білім беру саласының өзекті бағыттары бойынша ой бөлісіп, конструктивті диалог өрбіді.
Мұндай кездесулер білім беру ұйымдарының өкілдерімен өзара байланыс орнатуға, тәжірибе алмасуға және саладағы маңызды мәселелерді бірлесіп талқылауға мүмкіндік береді.



