Аудан жаңалықтары

ЕКПІНДІ АУЫЛЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділет» партиясының Іле аудандық штабының мүшелері Екпінді ауылындағы №48 жалпы орта мектептің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуге штаб мүшелері Мақсат Сейдалиев, Бинур Елиманова, Жұлдыз Бұзауқызы, Айдар Абдрахманов және Марат Жұмағұлов қатысып, еңбек ұжымымен ашық форматта пікір алмасты.

Жүздесу барысында тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау тетіктері, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, цифрландыру үдерісі және мемлекеттік басқарудағы ашықтық мәселелері талқыланды.

Қатысушылар тұрғын үйдің қолжетімділігі, әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігі, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және заманауи цифрлық технологияларды енгізу бағытында өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.

Сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктері, көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі, ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы тәсілдер жөнінде пікір алмасу өтті.

Кездесу ашық диалог форматында ұйымдастырылып, еңбек ұжымы өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын білдірді.

Жиын соңында тұрғын үй саясаты, әлеуметтік қолдау, цифрландыру және мемлекеттік қызметтердің сапасын жетілдіруге қатысты айтылған ұсыныстар мен пікірлер талқыланып, назарға алынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button