ІЛЕ АУДАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Іле ауданындағы Екпінді ауылында орналасқан №2 жалпы орта мектебінде «Әділет» партиясы өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби әлеуетін дамыту, мектептердің материалдық-техникалық базасын жетілдіру, цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу және оқушылар үшін қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері сөз болды.
Жиынға қатысушылар білім саласындағы өзекті бағыттар бойынша пікір алмасып, ұстаздар өз ұсыныстары мен тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ білім беру жүйесін жетілдіруге, оқыту сапасын арттыруға және педагогтердің кәсіби дамуына қатысты мәселелер талқыланды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, білім беру саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.



