ІЛЕ АУДАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Іле ауданының Қараой ауылындағы №8 орта мектепте «Әділет» партиясының өкілдері педагогикалық ұжыммен кездесу өткізді. Басқосуға облыстық және аудандық штаб мүшелері қатысып, білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кездесу барысында білім сапасын арттыру, балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, қосымша білім берудің қолжетімділігін кеңейту, сондай-ақ оқушылар үшін қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар педагогтердің еңбек жағдайы, әлеуметтік қолдау тетіктері, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жетілдіру және білім саласын одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстар айтылды.
Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар білім беру жүйесін жетілдіруге қатысты өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.



