КЕНЕН ӘЗІРБАЕВ АУЫЛЫНДАҒЫ ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ ҰЖЫМЫМЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кенен Әзірбаев ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда «Әділет» партиясының өкілдері медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиын барысында денсаулық сақтау саласының қазіргі жай-күйі, медициналық қызметтің сапасын арттыру және алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіру бағытындағы мәселелер талқыланды.
Кездесу барысында медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, заманауи медициналық жабдықтарды енгізу, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар профилактикалық медицинаны дамыту, аурулардың алдын алу, ерте диагностикалау жұмыстарын күшейту және ауылдық елді мекендерде көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттырудың маңыздылығы айтылды. Ауыл мен қала арасындағы медициналық қызмет көрсету деңгейіндегі айырмашылықты азайту, медициналық инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері де сөз болды.
Кездесуге қатысқан медицина қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, күнделікті жұмыс барысында кездесетін өзекті мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды. Ашық пікір алмасу форматында өткен жүздесуде денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға қатысты түрлі ұсыныстар талқыланды.
Кездесу соңында қатысушылар медицина саласын жетілдіру, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру және дәрігерлердің кәсіби қызметіне қолайлы жағдай жасау бағытындағы бастамалардың маңыздылығын атап өтті.



