Аудан жаңалықтары

«ӘДІЛЕТ»: ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Балалар мен жастардың сапалы білім алуы, шығармашылық қабілеттерін дамытуы және өз әлеуетін жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасау – қоғамның тұрақты дамуының маңызды бағыттарының бірі. Осы мәселелер «Әділет» партиясы өкілдерінің Іле ауданы Жастар ресурстық орталығының белсенді жастарымен өткен кездесуінде талқыланды.

Кездесуге облыстық және аудандық штаб мүшелері қатысып, жастармен ашық пікір алмасты. Жүздесу барысында білім сапасын арттыру, қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейту, балалар мен жастардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту, сондай-ақ жастар үшін қолайлы білім беру және даму ортасын қалыптастыру мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар педагогтер мен жастармен жұмыс істейтін мамандардың еңбек жағдайын жақсарту, олардың кәсіби қызметін қолдау және әлеуметтік мәселелеріне қатысты ұсыныстар талқыланды.

Кездесу барысында қатысушылар жастар саясатының өзекті бағыттары жөнінде пікір алмасып, жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы, білім мен кәсіби дамуға қолжетімділікті арттыру және адами капиталды дамыту мәселелеріне назар аударды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, жастар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, өзекті мәселелерді талқылауға қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button